Менің естелігім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

незді болыпты. Бұрқ-сарқ қайнап, дауылдап жүрген болса керек. Және бір қыры - өнерпаздығы. Музыкалық дарыны ерекше болған деседі. Ахметжан деген бірге туған ағасы бар, он саусағынан өнер тамған, тері илеп, ағаштан түйін түйген кісі. Сол ағасына домбыра жасатып алған екен, кейінірек бір тойда абайсызда сындырып алып, қатты өкініпті. Жас шағында өзінің мандолині, арнайы жасатқан баяны болыпты, сауыққұмар әкем татар әуендерін ерекше жақсы көріпті, өзінің де сазгерлік қырының ашылуына осы жайлар әсер еткен болу керек. Бірақ тірлігінде әкем өзінің композиторлығына ерекше мән бере қоймаған ба деп те ойлаймын, өйткені топ әндерінің ішінен «Дариға, сол қыз» ғана нотаға түскен. Оның өзін Әбілахат Еспаев сұрап алып түсірген.
Өлең жазғанда да әкем аса ұқыптылық танытпаған сияқты. Алдымен өлеңді таза қағазға түсіріп алады екен. Сосын ол өлең жарық көргесін, қолжазбасын лақтыра салады. «Сақтамайсың ба, қажет болады ғой» деп жанашырлық танытқандарға: «Жатқа білем. Ұмытып қалсам, Ғафу біледі» деп уәж айтады екен. Бұл бір есептен өзінің жадына сену болса, тасқа басылған соң жоғала қоймайтынын да білген және өз шығармашылығын әріптестерінің де қадірлейтінін аңғартқысы келгендей. . . Ғафу аға шынында да әкемнің әндерін жақсы білетін.
Ал өлең жазған кезінде әкем өзімен-өзі жеке отырғанды ұнатады екен. Түн кіре үйдегілерді жатқызып тастап, сары самауырды қайнатып қойып жазады. Домбырасы да қолында, шабыт шақырудың әдемі тәсілі перне бойына саусақ жүгірте ойлану болса керек. Сосын жазып болған соң түннің бір уағында маманы оятады, оқып береді.
Әкем өлеңді кие тұтты. Қанша дауылдап, қайнап жүрсе де өлеңмен бетпе-бет қалғанда әкем – тентек Қасымдық қалыбын тастап, ерекше кірпияз бейнеге көшетін көрінеді. Сондықтан да ешқашан тойлап, ұрттап жүрген кездерінде қолына қалам ұстамағ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: