ан жер", "Құрбыма", "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Домбыра", "Май келді", "Күйім тасып барады, күйім тасып", т. б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, "Біздің дастан" поэмасын бастайды. М. Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А. Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділдә Тәжібаев "Социалистік Қазақстан" газетінде "Дауылды жырлар" деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі "Өзім туралы" толғауын аяқтайды.
Қасым Аманжолов – қазақ өлеңіне
батыл ой, еркін әрекет, ерекше мінез әкелді, қазақтың әдеби тіліне жаңа дәурен тудырған қуатты сөз, тосын образдар әкелді, ал өлеңнің буын, ырғақтарына айрықша қуат, салмақ, тыныс енгізді, ұйқастарына темірдей тегеурін беріп, қаққан қазықтай қызмет атқарғызды.
Ғ. Қайырбеков
Сол ұлан – ақын еді Қасым деген,
Бір туған біздің өжет ғасырменен.
Ортаймас оның жомарт қиялынан,
Жалындай жан-жағына шашылды өлең.
Ғ. Қайырбеков
Страницы: << < 9 | 10 | 11