ан. Қайта өлең жазып алған соң ғана босаңсуға болады – принципі осындай болған. «Ішіп алып жазған соң өлең де мас» дейді екен сөз арасында. Анамның айтуынша, әкем бір отырса төгіп-төгіп тастайды екен. Және ақындардың осындай қасиетін ардақтаған сыңайлы. Бір жолы әкем бір досының алдымен өлеңнің аяғын жазып алып, бас жағын ойластырып отырғанын көріп, ренжіп оралыпты. «Жасанды өлең» деп жаратпай жүріпті. . .
Менің сазгер болғанымды қатты армандапты. Неге сүйенді екен?. .
Әттең, көп нәрсе айтып берер ем. . .
Ол мені ерекше жақсы көріпті. «Дариғасыз бір күн өмір сүре алмаймын» дейді екен. 1,5 жасымнан қатты ауырыппын, менің сауыға алмауыма әкемнің сол жақсы көргені кедергі болыпты. . . Бұл енді менің жеке басыма қатысты әңгіме, өз сырым болып ішімде қалсын. . .
3 жасымда ғана жүріппін. Анам айтады, менің жүруіме өзімнің «патриоттығым» көмегін тигізіпті. 1949 жылы 1 мамыр мерекесінде әкем мені мойнына мінгізіп, көшеге алып шығыпты. Парадты көріп, дәмді-тәтті жеп, үйге қайтып бара жатқанымызда қасымыздан сап түзеп солдаттар өзтеді. Олардың қатар адымдағанына қатты қызықсам керек, жерге түсіп алып, мен де өз-өзімнен адымдап кетіппін. Ал бұл жағдай әкем үшін ерекше оқиға болған көрінеді, орысша айтқанда, әкем «шоковое состояниеге» түсіп қалыпты. Артынан менің қадам басқанымды арнайы атап өтіпті де.
Көптеген замандастарынан, әріптестерінен, анамнан, жақындарымнан қаныққан әкемнің тағы бір қасиеті – білмекке құштарлығы. Не нәрсенің де байыбына барып, себебін іздеп, ақ-қарасын ажыратуға тырысып жүретіндігі өз алдына әңгіме. Әкем гүлдерді жақсы көріпті. Жазу столының үстінде ұдайы Тиммрязевтің «Өсімдіктер әлемі» кітабы жатады екен.
Әкем соғыстан кейін ауыра бастапты. 1955 жылдың қаңтарында аурудың жеңе бастағанын сезіп, «осы қаңтардан аман өтсем, ұзақ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>