Менің естелігім

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

а алмаған сөз. Қасым да өзінен бұрын талай ұлы ақындар өткенмен, өз заманының, өз ұрпағының сөзін айтты. Қасымша айтты. Ол таптаурынды жолмен жүрген жоқ, өзінше айтсақ «өзі жүрген омбымен төселеді». Сондықтан Қасым – поэзия сүйгіш қазақтың досы, рухани демеушісі. Әр үйде Қасым кітабы болсын, әр қазақ баласы Қасым өлеңін оқып өссін. Бұл сөзді ұлттық сезім, ұлттық ой дегенді түсінбейтін ұрпаққа да айтам. Қасымды оқысаң, ойың жетіледі, кем-кетігің толады, тіл үйренесің. Қасым – қазақ баласы үшін зор мектеп.
Академик Серік Қирабаев
Қазақ жырының қағаны
Қарқаралыда туып, одан Абыралы арқылы жаяу-жалпылап Семейге өтіп, Семейден – Алматыға тұяқ іліктіріп, одан Орал асып, Оралдан – Ұлы Отан соғысына аттанып, одан аман-есен Алматыға оралып, Алматыдан – Алашқа, Алаштан – адамзатқа жеткен Қасым 100-ге кемеліне келіп, қазағына қайта оралып келе жатыр.
Қасымды тану – қазақтың өзін-өзі тануы үшін керек әуелі! Қасымды танымаған қазақтың қара танымаған қазақтан да қасіретті екенін көзге шұқып көрсететін кезең келе жатыр! Қазақтың ертеңгі күніне Қасым шыққан биіктен қарайтын күн туды!
Уа, тәкәппар Дүние!
Маған да бір қарашы,
Танисың ба сен мені?!
Мен – қазақтың баласы!- деп жазды Қасым қырқыншы – елуінші жылдары. Таң қаламын, бұл маған бүгін жазылған өлең сынды! Қасымның осы өлеңін Қазақ кеудесіне басып, төрткүл дүниеге қарап тұр. Егемен ел болған кезінде! Еңселі елу елдің қатарына жетіп, ұжымды ұлт, іргелі мемлекет болған кезімізде қазақты ғалам да танитын болады! Қасымды – Қасымдарымызды танып алып қана мына тәкәппар тын боламыз! Қасым жылы, Қазақтың төріне шық!
Серік Ақсұңқар
(«Қазақ әдебиеті» 1-2(3218)2011 ж. 7-бет )
Қасым Аманжолов
(1911-1955)
Қасым Аманжолов қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыл деген жер

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: