Менің естелігім

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

таныған Мекебай Жазыбаев ағамен кездесіп қалдым. Ол кісі де әкем жайлы көп әңгімелер айтты. Бір жолы әкем тығылып тұрып, балалық қой, мұғалімін шалып қалыпты. Ол кезде мұғалім аса қатал, дереу әкемді кластан шығарып жібереді. Кластары қазақ үй, оқушылар айнала отырып жазады, тыңдайды. Кіруге рұқсаты болмағасын әкем сабақты жабық есіктің сыртынан тыңдайды екен. Балалар сыртқа шыққасын әкем олардың оқығанын қаз-қалпында айтып беретін көрінеді. . . Мұғаліміне «подножка» қойған сол оқиғадан кейін әкем басқа жерде оқу үшін фамилиясын өзгертіп, атасының атына жазылып алыпты. Әйтпесе, бауырларының бәрі әкелерінің атында. «Басқа мектепке оқытпай қояды» деп қорыққан болса керек. Бір қызығы, әкем Мекебай ағамен арада 33 жыл өткен соң, Бурабай санаторийінде кездесіпті. «Бала күнгі қызықтарымызды айтып, біраз шер тарқаттық» деген Мекебай аға.
Менің ойымша, әкем өмір сүрген уақыт сол әкемнің буынын, яғни тұрғыластарын ең қатал деген сынақтардың бәріне салып, адамзат баласының тән шыдамдылығынан гөрі рух беріктігін безбенге салған дәуір болған сияқты. Сол сынақтардың бәрін көре жүріп, барлық өткелектен өте жүріп, сол ұрпақ қай істің де іргетасын қалау құқын иеленгендей.
Бірінші роман жазу, бірінші теміржол салу, бірінші газет шығару. . . Әрине, әкемнің ес жиып, ел азаматы болған шағында аталмыш процесс «алғашқы» дегеннен гөрі, жалғасу, ұласу кезеңін басынан кешіріп жатқан-ды. Сондықтан да әкемнің тұрғыластарының үлесіне соны жолды сүрлеу ету, ізді айқындау тиді.
Әкемнің өмірбаянына көз салсаңыз, «Семейде оқыған», «Оралда оқыған» деген сияқты жолдарды кезіктіресіз. Бірақ, бір ескеретін нәрсе, әкем сол оқуларының ешқайсысын аяқтамаған. Өзі де анкета толтырғанда «Білімі» деген графаға: «Ортадан жоғары, жоғарыдан орта» деп жазады екен.
Анамның айтуынша, әкем өткір мі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: