ік жаттығуларды өткізу, картиналармен жүргізілетін жұмыстар кезінде іске асады.
Сабақтар үшін ұсынылатын дидактикалық материалдар етістіктің шақ, сан-мөлшер, жақ категорияларын үйренуге, сөйлеу кезінде етістіктерді пайдалана білуге жағдай жасауға тиіс. Істелініп жатқан және істелініпі болған қимыл-әрекеттерді айыра білуге үйрету үшін оларды таныс оқиғалармен байланыстыра отырып, оған нақты сипаттар беру керек.
Сөйлем құру кезінде бүгін, қазір, енді деген үстеулерді осы шақ етістіктермен кеше, баяғыда, жақында деген үстеулерді өткен шақ етістіктермен байланыстырудың маңызы зор.
Балаларға етістіктің осы шағы мен келер шағын қолдана білуді үйрету сабақтарының мүмкін болатын формаларының бірі қолданылған етістіктің осы шақ немесе өткен шақ тұлғасы көрсетіліп отырған қимыл-әрекетпен сәйкес келуі болып табылады. Тәрбиеші балаларға белгілі бір қимыл-әрекет жасауды ұсынады: сурет салу, құрылыс салу, жинау (бір нәрсені), киіндіру, тамақтандыру (қуыршақты). Сонан соң бұл қимыл-әрекеттерді орындау кезінде және одан кейін де ол әркімге көңіл аудара отырып, сол қимыл-әрекетті қалай аяқтағандарын сұрайды: "Сен қазір не істеп жатырсың?" ("Мен самолеттің суретін салып жатырмын, мен үй салып жатырмын" және т. б. ), "Сен не істедің? ("Мен самолеттің суретін салдым"),
Тәрбиеші не істеп жатырсың? не істедің? деген сұрақтардың айтылу интонациясын дәл айыруы керек және оған балалардың дұрыс жауап беруіне қол жеткізу кажет: "Не істеп жатырсың?" -- "(Қуыршақты) киіндіріп жатырмын", "Не істедің? -- ". . . киіндірдім".
Арнайы жаттығулардың едәуір бөлігін құрмалас сөйлемдер (салалас құрмалас, сабақтас құрмалас) құру жұмысы алуға тиіс. Бұл үшін сөйлесудің сұрақ-жауап түрін пайдаланған жақсы. Балалар
Страницы: << < 20 | 21 | 22 | 23 | 24 > >>