е міндетті түрде құрмалас сөйлем құрулары керек: "Вова келіп менен бояулар беруімді сұрады", "Петя кездесіп, бүгін ауа райының жаман екендігін айтты". "Біз тұрған кезде, Наташа тағы бір рет телефон соғатын болды".
Құрмалас сөйлемдер құру жұмысы серуен, табиғатнен, қоршаған ортамен танысу кездерінде, еңбек үстінде, сурет салу, мүсін жасау, музыка сабақтарында қайталанып отыруы мүмкін. Алынған тіл білімі К. Чуковскийдің "Федор кайғысы", "Мойдодыр", С. Маршактың. "Почта" тәрізді драмалық ойындарын өткізу, дидактикалық және қозғалмалы ойындарды өткізу кездерінде беки түседі (13).
1. 3 Бес - алты жастағы бала үшін сөзбен елестетуге сүйену тәсілі
Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. "Өнер алды - қызыл тіл" деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейтестілігі арта түсті. Қазақ халқының тіл келешегі балаларда (1). Көптеген ғылыми- педагогикалық әдебиеттерді, мерзімді баспасөз ақпараттарын талдап- зерттей келе, бүгінгі күнгі балалардың сөз саптауы көңіл аударарлық көпшілігінің тіл мәдениеті төменгі деңгейде деген қорытындыжасауға болады. Олар өз ойларын дұрыс, түсінікті етіп жеткізе алмайды, басы артық бос сөздерді көп қолданып, ойын шашыратып жібереді. Кейбірі орысша сөздерді қосып, араластыра сөйлесе, бірі жаргонмен диалектілермен сөйлегенді сән көреді. Бұл мәселе туралы көптеп айтылып та, жазылып та жатыр. Бүгінгі таңда өзекті мәселелерінің бірі - балалардың тіл мәдениетін көтеру, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын азамат тәрбиелеу.
Страницы: << < 22 | 23 | 24 | 25 | 26 > >>