р сөйлем типтерінің қиындық туғызатынына қарай жай сөйлеу кезінде күрделі сөйлемдерді пайдаланады. Оларда үстеулер мен көмекші сөздер әр түрлі мәнде жұмсалады. Ол әсіресе мебель, тамақ, ыдыс, өйыншықтар, транспорт деген сияқты жалпылауыш сөздерді көп қолданады. Сөздік қорының молая түсуіне байланысты онық тілі негұрлым байланысқан, жүйелі бола береді. Бес жастағы балалар өздерінің құрған сейлемдерінде өздеріне қажет таныс себеп- салдарлық құбылыстардың байланысып айтып бере алады, мысалы: "Маған ертең- бақшаға барудың қажеті жоқ, себебі ертең жексенбі"; "Түнде жаңбыр жауған, сол себепті асфальттің үстінде көлшіктер жатыр" және басқа (11).
"Балалар бақшасында тәрбиелеу программасына" сәйкес тәрбиеші осы жастағы балаларға негізгі сөз таптарының грамматикалық тұлғаларын дұрыс қолдана білуге үйретуді одан әрі жалғастырады.
Балаларды сөйлеу кезінде мезгілдік, мақсаттық, себептік синтаксистік қатьшастарды (қашан? қандай мақсатпен? қандай мақсат үшін? неге? неліктен? деген сұрақтарға жауап беретін) қолдана білуге үйрету қажет. Мысалы: "Ертең бізде ертеңгілік болады"; "Бізде дене шынықтыру сабағы жұма күні, түстен кейін болады"; "Январьда, қар көп өте аулада"; "Осы аптада біз қуыршақ театрына барамыз" дегенде мезгілдік қатынастар бар.
"Бұл азық кұстарға арналған, ал мынау балықтар үшін" дегенде мақсаттық қатынастар бар; "Жаңбыр жауып тұрғандықтан, біз қыдыруға бармаймыз"; "Қыдыруға бармаймыз, өйткені жаңбыр жауып тұр" дегенде себептік қатынастар бар. Келтірілген мысалдар тіл үйренуге арналған арнайы сабақтарда қандай құрылымдарды үйрету қажет екендігін көрсетеді.
Тәрбиеші балаларды сөзге араластырады:
а)Не істеді? деген сұраққа жауап беретін өткен шақ
Страницы: << < 18 | 19 | 20 | 21 | 22 > >>