Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>

алдымен қойылған сұрақтың жауабы болатын құрмалас сөйлемнің тек екінші бөлігін айтатын болады ("Неге бүгін группада Таня жоқ?" -- "Өйткені ол ауырып қалды"), Мұнан әрі балалардың бағыныңқы сөйлемдерді қолдануда жиі-жиі қате жіберетініне қарамай, олардан құрмалас сөйлемді толығымен айтып беруді талап ету керек.
Құрмалас сөйлемдер құру үстінде өткізілетін сабақтар әр түрлі жүргізілуі мүмкін. Мысалы, салалас құрмалас сөйлемдер құру сабақтары үшін сюжеті жағынан жақын келетін екі картинка іріктеліп алынады: бір картинкада - қыз төсегін ретке келтіріп жатса, басқасында - қыз ұйықтап жатыр немесе бала шұңқыр қазып жатыр, ал екінші бала ағаш алып келе жатыр. Тәрбиешінің көмегімен сөйлемдер құрастырылады: "Вера жанадан төсегін реттеп жатыр, ал Таня ұйықтап қалған" немесе "Юра шұңқыр қазып жатыр, ал Витя шұңқырға ағашын отырғыза бастады".
Сөйлем құру "Алдымен не сонан соң не?", "Бәрі керісінше", "Қате қайда екенін тап" және т. б. ойындармен байланысты болуы мүмкін. Бұл ойындарды өткізу кезінде балалар және, немесе жалғаулық шылауларын қатыстырып сөйлемдер құратын болады.
Неге? не үшін? деген сұрақтарға жауап беретін сөйлемдерге ерекше назар аудару қажет. Мысалы: "Вова ауырып қалды, өйткені оған суық тиген болатын". "Мамам қол шатырын алды, өйткені далада жаңбыр жауып тұр", "Балалар ұйқыға жатты, өйткені уақыт болған еді". Немесе: "Мен футбол ойнау үшін, допты алдым"; Көбелекті ұстау үшін, Толя сачокты алды". Мұндай сөйлемдерді құрастыру үшін ойыншықтарды, картиналар сериясын пайдалануға, сюжетті-рөльдік ойындарды ұйымдастыруға болады. Бұл бағытта "Телефон" ойыны үлкен мүмкіндік береді- балалар "телефон" арқылы сөйлеген сөздерінд

Страницы: <<  <  21 | 22 | 23 | 24 | 25  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: