Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>

е де болады. Ойынды жүргізуші есіктен шығады, балалар бұл кезде тәрбиешімен бірге бір затты таңдап алып, оны сипаттайтын белгілерді атайды. Ойынды жүргізуші ішке кіреді, ал балалар: "Ол дөңгелек, сары, тәтті, құйрықшасы бар, пайдалы", - деп сипаттай бастайды. Бала оның шалқан екенін айтуға тиіс. Немесе: "Ол үлкен, дөңгелек, резеңке, қызыл (доп)". Дұрыс тапқап бала аздаған сыйлық алады.
Бірыңғай баяндауыштары бар сөйлемдер құрастыру үшін "Есіңе сақта да ата" ойынын өткізуге болады. Тәрбиеші ойынды жургізушіге ешкім естімейтіндей етіп тапсырма береді: "Үстелге жақында, қызыл қағазды ал, оны екіге қи, оларды Петяға бер". Ойынды жүргізуші тапсырманы орындауға кіріседі. бұл кезде балалар оны зер салып бақылайды. Қорытындыда балалар оның не істегенінін бәрін бір-бірлеп айтып беруге тиіс, мысалы: "Вова үстелге жақындады, кызыл кағазды алды, екіге қиды, оларды Петяға берді". Кім ойынды жүргізушінің істеген қимыл - әрекетінің барлығын дұрыс айтып шықса, сол жеңіп шығады.
Тіл ұстарту - тілдік грамматикалық модельдерді қалыптастыру үшін орындалатын жаттығулар жұмыстың басқа түрлерімен комилекстік формада, мысалы, кітап оқумен байланысты жүргізілуі мүмкін. Бұл жаста оқылатын материалдар үшін балаларға жақын әрі түсінікті шағын ертегілер, өлеңдер алынады. Бұл шағын шығармаларды оқу оқылатын тексте сәйкес келетін ойынмен, қимыл-әрекетпен ұштастырылады. Оқылған текст бойынша әңгімелесу балалардың диалогтық тілінің дамуына жағдай жасайды.
Бұл жастағы балалар жекеше және көпше зат есімнің септік тұлғалары, көптеген сын есімдердің септік, көптік жалғауларымен түрленуі, етістік формаларының, үстеулердің дұрыс қолданылуы тәрізді негізгі грамматикалық формаларды меңгере алады және меңгеруге тиіс. Бес жасқа келген бала кейбі

Страницы: <<  <  17 | 18 | 19 | 20 | 21  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: