Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>

ңғымен) сырғанақ тебеді. Аня доп (қуыршақ, кубик) ойнап жүр. Аня доп (қуыршақ, кубик) ойнайды.
Етістіктіңтұйық райы мен үшін шылауын пайдаланып сөйлемдер құру.
"Витя не үшін барады?" - "Витя балық аулау үшін барады", "Катя не үшін су жылытады?" - "Кір жуу үшін".
Жекеше және көпше түрдегі зат есімнің атау мен табыс септіктеріндегі грамматикалық тұлғаларының өзгешелігі: "Қыз, шар, шарларды алып бара жатқан суретті тап. Былай де: "Ира шар алып барады. Ира шарларды алып барады. Ираның көп шары бар". "Петя, маған қарындаш (бірнеше қарындаш) берші. Таня, допты (доптарды, көп допты) ал".
Жағдайдыңұксастығы бойынша бір-біріне жақын қимыл-әрекет түрлерін айыра білуге үйрету: жуып жатыр, - жуынып жатыр - кір жуып жатыр; жүгіріп барады - секіріп жа - тыр; жатыр - ұйықтап жатыр; алып барады - көлікпен алып барады; тазалап жатыр - сыпырып жатыр; құрылыс салып жатыр - жөндеп жатыр.
Бұл сөздердің айырмашылығын сөз арқылы білдіретін белгілі бір уақиға құру, қимыл-әрекетке еліктеу жолымен көрсеткен дұрыс. Мысалы: Таня қуыршақты жуып жатыр; Таня кір жуып жатыр; Таня ойыншығын жуып жатыр.
Балаларды мағынасы жағынан қарама-қарсы әрекеттердің атауларын айыра білуге үйрету. Мысалы: пальтоңды түймеле - пальтоңның түймесін ағыт; пимаңды шеш - пимаңды ки, бантигіңді байла - бантигіңді шеш; бөлмеге кір - бөлмеден шық; радионы қой - радионы өшір.
Мысалы, кішірейту, үлкейту жұрнақтары сияқты сөз тудырушы элементтердің мәнін түсіну үшін заттарды атай отырып, сол заттар бейнеленген картинкаларды пайдалануға болады және сол заттар бір-бірінен қандай белгілері арқылы өзгешеленегінін айтып отырған дұрыс: шар - шарына, күрек - күрекше, үй - үйшік, үстел - үстелше. Заттар аталып шыққаннан кейін, кар

Страницы: <<  <  15 | 16 | 17 | 18 | 19  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: