Мектепке дейінгі балалардың грамматикалық дағдыларын қалыптастыру

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>

тинкаларды салыстырып, нәрселердің көлемін анықтап отырған пайдалы болады: үй - қандай? ал үйшік - қандай?, күрек - қандай? ал күрекше - қандай?
Бала төрт жасқа келгенде оның бірыңғай мүшелерден сөйлем құрап үйренуіне, сондай-ақ оның тіліне жалпы ұғымдарды енгізуге көп көңіл бөлінеді. Сабақтарда әр түрлі жұмыстар жүргізіледі: картинкалар бойынша, негізгі сөздер бойынша, көрсетілген қимыл-әрекеттер бойынша, сөйлемнің жетпей тұрған сөздерін толықтыру арқылы сөйлемдер құру. Мысалы, балалардың әр түрлі группаларында қоян, түлкі, ақтиін, қаскыр тәрізді андарды; жемістерден: алмұрт, алма, қара өрік; мебель: үстел, орындық, шкаф тәрізді заттарды бейнелейтін картинкалар болады. Балалар ең алдымен "Картинкада не бейнеленген?" деген сұраққа жауап болатындай сөйлемдер құрастырады. Сонан соң тәрбиеші: "Орманда. . . мекендейді" деп сөйлемнің бастамасын айтып береді. Балалардың қай тобында аңдардың суреті бейнеленген картинка болса, сол топ бұл сөйлемді әрі қарай жалғастырады: "Орманда ақтиіндер, түлкілер, қояндар, қасқырлар мекендейді". Қалған сөйлемдер де осылай құралады: "Бақта алмұрт, алма, қара өрік пісті". "Бала бақшаға үстел, орындық шкафтар әкелді". Осыдан кейін балалар жалпылаушы сөздерді атап, соларды қатыстырып сөйлемдер құруының маңызы зор: "Орманда аңдар: қасқыр, түлкі, қоян мекендейді", "Бала бақшаға жаңа мебель: үстел, орындық, шкафтар әкелді". Сөйлем "құрау барысында балаларды әр түрлі грамматикалық формаларды қолдана білуге жаттықтыру керек: "Бақта жемістер: алмұрт, алма, қара өрік көп", "Орманда аңдар: қоян, ақтиін, кірпі көп" және басқалар (10).
Бірыңғай анықтауыштармен сөйлем құрау кезінде балалармен "Мынау не екенін тап" ойынын ұйымдастырып өткізуг

Страницы: <<  <  16 | 17 | 18 | 19 | 20  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: