Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

саналады. Егер әр баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы қажет болса, онда баланың қабілеттерін түрлі әрекеттерде көрсету үшін зерттеуге дайындау қажет.
Балабақшада балалар зертеу жұмысының толық циклын жүргізеді. Алдымен зерттеу тақырыбын таңдағанда, балаларға қызықты болатынын, сол затты көре алатындай, ұстай алатындай мүмкіндік болу қажет. Оның мақсаты - таңдалған зат бойынша жан-жақты ақпаратты жинастырып, шағын баяндама дайындайтынын алдын-ала түсіндіру керек. "Қалай жұмыс істейміз?" - деген сұрақтар туындайды. Әрине, бұл жұмыс түрі балалар үшін күрделі және жаңа. Оларға айтып түсіндіру қажет, ақпаратты табу үшін көптеген тәсілдер бар екенін (біз үшін ол зерттеу әдістері деп аталады) түсіндіру.
Жұмысты қарапайым сұрақтардан бастау керек, мысалы: "Ең алдымен не істеу керек? Зерттеу ғалымдары неден бастайды?" Әңгіме барысында балалар ең негізгі әдістерді өздері ұсынады: "Кітаптан оқу", "Қолмен ұстап көру", т. б. Әр жауаптан кейін бүлдіршінді мадақтап, алдына сол әдістің үлестірмесін қою қажет. Осындай жұмыс барысында балалардың зерттеу жұмысының тізбегі құрылады (балалар айтпағанды, тәрбиеші өзі айтып кету керек). Біздің тәжірибеміз бойынша, балалар "Эксперимент". "Копьютерден қарау", "Мамандарға сұрақ қою", "Байқау" деген әдістерді ұсынады да, ал "Өзіме ойлану керек" дегенді ұмытып, айтпайды. Сонымен, алдымызда зерттеу жұмысының жоспары құрылады.
Бұл жұмысқа кірісу үшін, фиксация тәсілдері бойынша келісім жүргізу керек. Жиналған ақпараттарды есте сақтау қиын, сондықтан оларға белгі ұсыну керек. Белгілер әртүрлі болуы мүмкін: сурет, символ, т. б. Алған ақпараттарды пиктографиялық жазу арқылы түсіргенде, біз баланың әртүрлі сенсорлық жолдарымен жұмыс істегенін бақыл

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: