Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

е мәнге ие, оның қолданысы балалардың ақыл-ойының дамуына әсер етеді. Сонымен қатар бұл қағидаға элементарлы ұғымдар мен табиғаттың негізгі заңдылықтар мен әлеуметтік қарым-қатынастар салынған.
Мектепке дейінгі білім беретін бүлдіршіндердің зертеушілік, эксперименталды қабілеттерін арттыру - заман талабынан туындап отырған өзекті мәселелердің бірі. Ғылымның барлық саласының жедел дамуы, техникалық прогресс, акселерация ықпалы, барлығы да мектепке дейінгі білім беретін мекеме баласының терең теориялық ойлауға қабілеттілігін арттырып отыр.
Қазіргі мектептерде зерттеу арқылы оқыту балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға ең тиімді технология. Кішкентай балалардың бір нәрсені зерттеуге деген талпынысы биологиялық құбылыс. Үнемі бір нәрсені зерттеуге деген талпыныс бала мінезіне тән қасиет. Ол өзін қоршаған ортаны үнемі танып, білгісі келеді. Баланың бір нәрсені зерттеп білсем деген талпынысы, оны зерттеп оқу іс-әрекетіне итермелейді.
Баланы өзінің іс-тәжірибесі арқылы оқуға қызығушылығын арттыру, яғни "Таным" білім беру саласын демократияландыру кезеңінен байқалады, яғни тәрбиешілер баланың оқу іс-әрекетін танымдық іс-әрекетіне жуықтатуға талпыныс жасайды.
Балалардың эксперименталды қызметін ұйымдасытруда жобалар құрылады, мақсат қойылады, психологтардың ғылыми зерттеулері мен халықтық тәжірибедегі адам жаратылысының табиғатпен байланыстылығы мен салыстырулар жасалынады.
Зерттеу ісі қазіргі кезде аясы тар мамандандырылған қызмет емес, ғылыми қызметкерлердің белгілі топтарына ғана тән емес, сондай-ақ бүгінгі заман адамның өмір сүру тәсіліне енген, кәсіби шеберлігін танытуда өзіндік көзқарасына сәйкес қызмет болып табылады. Баланы ізденушілікке баулу, оған зертеу дағдысы мен білігін игерту бүгінгі білім беру саласының маңызды міндеті болып

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: