ның дамуын негіздейді. Атақты орыс психологі К. Д. Ушинский: "Бала үшін ғылымды жоққа шығармау керек" яғни бала үшін әрбір сала ғылымының ақпараты қажет екенін ұсынды.
2. Нақтылық. Белгілі кезеңдегі балалар үшін нақтылық ең негізгі принцип болып есептелінеді. Мысалға балаларды абстракті және азтүсініксіз ақпаратпен таныстыру ұсынылады. Мектеп жасына дейінгі балалары үшін ғылыми терминдерді қолданбау керек, бірақ та кейбір терминдер көрнекті нақты түрде түсіндірілуі мүмкін.
3. Адамгершілік. Бұл қағида ең алдымен экологиялық мәдениет түсінігімен тығыз байланысты. Экологиялық білім беру мақсатында адамгершілік адамның денсаулығын сау және экологиялық-қауіпсіз ортада сақтау болып есептеледі. Экологиялық тәрбие баланың эмоциясының дамуымен тығыз байланысты, тірі ағзаларға таңырқап, қамқорлық жасау - басты міндет. Сонымен қатар, бала қоршаған ортаның әсемдігіне көз жеткізіп, тірі ағзалар: гүл, жәндік, шық тамшысына сүйсіне білуі керек.
4. Болжамдылық. Мектеп жасына дейінгі бала үшін бұл қағида табиғатта байқалатын өзара байланыс жайлы. Оқу іс-әрекет, еңбек етуде өзінің іс-әрекетіне болжам жасай білу дағдысы. Ең қажеттісі егер бала жануарларға қамқорлықпен қарап, құстарды тамақтандырып, өсімдіктерді өсіре білсе болды.
5. Кіріктіру. Қазіргі кезде бұл қағида балабақшада экологиялық білім беруде белсенділік танытуда. Ең негізгі жағы манадан байқалады: біріншіден, экологиялық білімнің құрастырмалы ерігі; екіншіден, баланың тұлғалық дамуының қалыптасуы; үшіншіден, балабақшада жүргізілетін жұмыстың әдістемесі мен ерекшеліктері.
6. Тұтастық. Бұл қағида баланың қоршаған ортаны тұтастай қабылдап, табиғат әлемінің бірлігін көрсетеді. Тұтас қабылдау баланың табиғатты жанды және жансыз деп бөлмеуіне байланысты.
7. Жүйелілік. Жүйелілік қағидасы ерекш
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>