Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>

емі екені белгілі. Ұстаздар қауымы ұлы істердің ұйытқысы болып, еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, қазақ елінің гүлденуіне өз үлесін қоса береді. Мектептердің, ата-аналардың және мұғалімдердің өздерінің кішкентай азаматтарынан күтетін үміттері жоғары деңгейде екені баршаға мәлім. Сондықтан, қоғамдық ортада өз ойын еркін де толық жеткізе білетін, бәсекеге қабілеті мен құзіретті, шығармашыл, кез-келген іс-әрекетке жан-жақты көзқараспен қарайтын, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру тәрбиешінің мақсаты деп ойлаймын.
Балалардың эксперимент жасау ерекшеліктері
Эксперименттеу - мектепке дейінгі кезеңде балалар әрекетінің негізгі түрлерінің бірі болып табылады және ол:
Оқыту әдісі (егер жаңа білімді беруде қолданылса);
Қоршаған ортаны тануға бағытталған танымдық-зерттеуші әрекетінің түрінде болуы мүмкін.
Баланың шығармашылық әрекеті мен шығармашылық ойлауын дамыту оның психологиялық жас ерекшелігін ескере жүргізілуі тиіс. Оқыту үрдісінде балалардың танымдық белсенділігін қолдай отырып, өз бетімен ізденуге жағдай туғызу қажет.
Балалар мектепке дейінгі шақта жаратылысынан зерттеуші. Оларға эксперимент жасауға талпыныс, білімқұмарлыққа және мәселелі жағдаяттарды өз бетінше шешуге ықылас таныту тән. Педагогтардың көзқарасынша осы әрекетті жою емес, керісінше, баланың қиялы мен ойлауын мақсаттылыққа ынталандырып және белсенді түрде көмектесу, олардың түрлі мәселелерді шешуде білімін қалыптастыру қажет. Сол себепті де, ерте жастан бастап баланың табиғи қажеттілігін қолдана отырып, оны қоршаған орта құбылыстар мен заттарға көңіл аударып, ерекше тапсырмалар мен материалдарға қызықтыру, белгісіз зерттеулерге талпынысын ынталандыру, оның құпиясын ашуда қуаныш сезімін ояту керек.
Шығармашылық әрекеттің басталуын жән

Страницы: <<  <  9 | 10 | 11 | 12 | 13  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: