Мектеп жасына дейінгі балалармен эксперименттік –тәжірибелік әрекетті ұйымдастыру

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

дырылуы тиіс.
Зерттеушілік әрекет формасындағы оқу - ойыны төменгі топтарда ересек жастағы топтармен салыстырғанда өзіндік ерекшелікке ие, сондықтан зерттеуді жүзеге асыру жоспары оларды сәйкесінше барынша қысқартылған немесе жоғарыда санамаланған 10 бөлімнің барлығын қамтитындай мейлінше толық болуы мүмкін. Мектепке дейінгі жастағы балалармен зерттеушілік әрекетті ұйымдастыру апта, екі апта, ай бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Зерттеуің тақырыбын тәрбиеші өзі және балалармен бірлесе отырып олардың жас ерекшеліктеріне орай анықтайды.
Тәрбиешілер зерттеушілік әрекетті жүзеге асыру процесінде зерттеудің тақырыбы бойынша деректері бар ақпараттық банк жинақтап, жинақ қатары түрінде рәсімдейді. Эксперимент соңында ол кәртішкелермен, суреттермен, сызбалармен, фотобейнелермен және бейнеқағаздармен толтырылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін тәрбиеші қорытынды шығарады және талдау жасайды. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тәрбиеші талдауды өзі немесе балалармен бірге жасайды, сондай - ақ, балалардың өзі де жасай алады. Зерттеушілік әрекеттің нәтижесі қолдан жасалған заттар, суреттер, сызбалар, макеттер, кітаптар, бейнероликтер, әңгімелер және т. с. с. болуы мүмкін. Қарапайым ізденушілік-зерттеу іс-әрекет - балалардың табиғатпен таныстыру үлгісі ретінде саналады.
Бағдарламаның мақсаты:
Балаларды зерттеушілік әрекетке дайындау, ізденімпаздық дағдыларына үйрету; дара заңдылық пен құбылыстардың себебін, қоршаған ортадағы таным іс-әрекетіне қызығушылықтарын қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Білімдік:
Өсімдіктер мен жануарлар әлемі, табиғаттағы маусымдық өзгерістер, қарапайым зерттеу әрекеті туралы түсініктерін кеңейту.
Қоршаған ортадағы заттардың қандай материалдардан жасалғанын анықтап атауға, олардың сапасы мен қасиеттерін сипаттау

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: