е бөлену, білуге құштарлық, тәжірибе жасау мен байқауға ұдайы ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өздігінен іздеу - бала мінез-құлқының маңызды белгісі ретінде қаралады.
Зерттеушілік, ізденімпаздық белсенділік - бала жаратылысының күйі, ол әлемді танығысы келеді, ол осыған ниетті. Балаларды оқытуда зерттеушілік әдістерді қолданудың қажеттілігі олардың табиғи құштарлығы мен қоршаған әлемді тануға қызығушылығымен түсіндіріледі. Балалардың өздігінен зерттеуіжәне эксперимент жасау жеке қажеттілігі мен сұраныстарын қанағаттандыруға, интеллектуалдық және шығармашылық қабілетін дамытуға жол ашады. Өздігінен эксперимент жасау арқылы олар қоршаған әлемді таниды және өзіне жаңа білімді "дайын күйінде" алмай, ізденеді.
Әрекет барысында баланың осы және басқа да мінез-құлық қырлары оның тұлғалық құрылымына, яғни оның өзін ұстауына, бүтіндей жалпы адами құндылығы мен қоғамдық қарым-қатынасына айналады.
Баланың зерттеушілік мінез-құлығы алдымен оның шығармашылығында көрінеді. Бала шығармашылықтың, яғни, зерттеушілік ізденімпаздылықтың нәтижесін сензінуге қабілетті. Зерттеушілік әрекет пен зерттеушілік мінез-құлық құрылымы бойынша жақын ұғымдар болып табылады, себебі екеуінің де ортақ әдістемелік негізі - әрекет. Бұл орайда баланың зерттеушілік, эксперименталды әрекеті мен мінез-құлқы күрделі кешенді білім болып есептеліп, оның бүкіл тұлғасын толығымен қамтиды.
Зерттеушілік мінез-құлықтың психологияда баланың тұлғалық өзін дамытуы және дамуы жоспарында өте маңызды екенін атап көрсеткен жөн. Ұдайы ізденімпаздық белсенділіктің жоқтығы қиындық туған кезде баланы дәрменсіз күйге түсіреді. Бұдан басқа, баланың жүзеге асырылмаған зерттеушілік белсенділігі оны деструктивті әрекетке алып келуі мүмкін, бұл жағдайда ізденім мұқтаждығы басқа тәсілдермен қанағаттан
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>