құмар мектеп жасына дейінгі балаларға арналған қызықты тәжірибелер мен зерттеулер
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың маңызды сауалдарының бірі балаларды табиғатқа тарту болып табылады. Көз алдыңызға Сіз жалпы біздің және тірі заттардың (жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер) паналайтын үйі-Табиғаттың табалдырығында тұрмын деп елестетіңіз. Барлығымызға шуағын шашатын ортақ Күнмен, барлығымызға ас беретін ортақ Жермен, шөлімізді қандыратын ортақ Сумен, барлығымыз тыныстайтын ортақ Ауамен тіршілік етеміз.
Ата-аналарға өз балаларын табиғатқа тарту арқылы олардың танымдық қызығушылығын және шығармашылығын дамытатын ойын қатарлары ұсынылады.
Полиэтилен қалтада не бар?
Мақсаты: Қоршаған кеңістікте ауаны анықтау.
Бірге бос полиэтилен қалтасын қарау. Қалтада не бар екендігі сұраңыз. Балаға білдірместен серпінді болғанға дейін қалтаға ауа үрлеп, ашық бөлігін байлап, балаға қайта көрсетіп, сұрақты қойыңыз. Қалтаны ашыңыз, онда ештеме жоқ. Сіз ашқанда қалта серпінді болуын қойды. Неге олай болды? Себебі онда ауа болды! Неге қалта бос болып көрінетінін сұраңыз (ауа түссіз, көрінбейді, жеңіл).
Шимен ойындар ойнау
Мақсаты: адам ішінде ауаны анықтау. Баламен бірге кішкене түтіктерді қарастырып, неліктен қажет екендігін сұраңыз (олар арқылы ауа жіберіліп және үрлеп шығарылады).
Балаға алақанын ауа ағысына қойып, түтікке үрлеуге ұсыныңыз, содан кейін жел секілді пайда болғанда не сезінгенін сұраңыз (алдымен жұтылған ауаны шығардық). Адамға ауа тыныс алу үшін керектігін және ауа адам тыныстағанда ішіне енетінін, ауаны сезіп қана қоймай, байқауға болатындығын айтыңыз. Бұл үшін түтіктің бір соңын суға салып, екінші соңынан ауа үрлеу керек. Су бетінде аз уақытқа көпіршіктер пайда болады (бұл бізден ауа шығады, ол жеңіл, су ар
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 | 9 > >>