ау бюросының менеджерінің немесе агентінің рөлі кімге бұйырады? Агент қазіргі заманғы техника компьютер, телефон, факстың (аяқ киім немесе кәмпит қорапшалары) көмегімен саяхатшыларды түрлі континеттерге саяхаттау турларымен таныстырады. Ойынның жақсы жабдықтаулары ретінде сізбен бірге демалыста демалған жерлердің суреттері болады; пошталық жәшіктерге күнделікті келетін жарнамалар; табиғи аймақтарды мекендеушілер мен өсімдіктер бейнеленген ескі ашық хаттар; сувенирлер және т. б. Ойын сюжеттері "Аэропортқа бару", "Автовокзал немесе темір жол вокзалына бару" параллельді сюжеттерінің дамуына әкеледі. Бірнеше сюжеттерді біріктіріп, сіз ойынды бірнеше күн ойнай аласыз.
Егер сіз "Теңізге саяхатты" таңдасаңыз, кеме ретінде орындықты немесе креслоны қолдануға болады. Мүмкін баланың кемеге берер аты бар шығар. Ойын сюжетін ойнаудың ең лайықты әдісі - ол сіз бен балаңыздың елестетін іс-әрекеттеріңіз. Затты-орынбасарларының ішінен рация, бинокль, руль (бос қорапша, сағандардың қақпағы) болады. Біреуге радисттің рөлі ұнайды, ал кейбіреулеріне жоғарғы палубадағы аспаздың немесе дәрігердің рөлі ұнайды. Бірер минуттан соң кеме зәкірден алынып тасталынады.
Сонымен қатар "Автобус кондукторы ойыны", "Үйді жөндеу ойыны", "Қалыңдық болу ойыны", "Балабақша ойыны", "Ғарышкер ойыны" балалардың да, ересектердің көңілін қалдырмайды.
Осылай маман практиктерді, балалар мен олардың отбасы мүшелерін біріктіретін бірегей ойын кеңістігі құруына байланысты ойындық сюжетті рөлдік және өзге ойындарда ересектердің балалармен серіктестігінде және ынтамақтастықта бірге әрекет етушілігі бағасыз тәжірибе екеніне бірте-бірте кәсіпқойлар мен ата-аналардың көздері жетеді.
Ақылды ата-аналар мен қызық
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>