Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында тәрбиелеу мен оқытудағы жұмыс түрлері

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

" ата-аналарға арналған жадынама

Құрметті ата-ана!
Баламен ойын тілінде сөйлесуде шақыруды күтпеңіздер, өздеріңіздің ынталарыңызды білдіріңіздер!
Балаңыздың ойындық атмосферасына өзіңізге кейде енуге рұқсат етіңіз. Бұл тек пайдалы емес, сонымен қатар жағымды іс! Өзіңіздің балалық шағыңыздағы ойындарыңызды еске түсіріңіз, сол кездегі ойындар қызық болды?! Дәл қазір балаңызбен бірге қызықты ойын әлеміне саясатқа шығыңыз.

Құрметті ата-ана!
Егер сіздің ойыңызша, балаңыздың ойын тәжірибесі аз болып көрінсе, онда онымен ойындық қатынасуда ынтаны өз қолыңызға алуға тырысыңыз. Өзіңізге тартымды ойындық рөл таңдап, және осы кейіпкер арқылы балаңызбен ойындық сұхбатқа түсуге тырысыңыз. Рөлден бірнеше минут шықпауға тырысыңыз. Сіздің мінез-құлқыңыздың табиғилығы мен ықтиярлылығы балаңызбен байқалып, жоғары бағаланады.

"Отбасына келу" - қыз балалардың сүйікті ойыны
"Ойыншық" отбасы мүшелері қандай үй шаруаларымен айналысады? Туған күнге дайындалады ма? Тамаша! Ойыншықтардың қайсысы туған күн иесі болады? Сыйлықтар туралы ойластыру керек. Қонаққа кімдер келеді? Қонақтардың көңілін қалай көтеру керек? Қонақтарды қандай астармен тамақтандыруға болады? Құмарыңыз қанғанша ойнаңыздар.

"Зоосаябаққа" көптен бері бардыңыз ба?
Дәл қазір барғыңыз келмей ме? Түрлі жануарлар тұратын торлы қора бойымен серуендегiңіз келмей ме? Алдымен баламен бірге үйдегі барлық аңдарды, құстар мен бауырымен жорғалаушыларды жинаңыздар. Бөлмеде зоосаябаққа арналған орынды анықтап, белгілеңіздер. Сонымен қатар билет кассасы, билет сатушысы және жануарларды таныстырушы қажет. Ары қарай баламен бірге қиялдаңыз. Зоосаябақ ашылды. . . . .
"Туристтік агенттікте" билеттер ұсынылады
Саяхатт

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: