Мектеп жасына дейінгі балаларды үй жағдайында тәрбиелеу мен оқытудағы жұмыс түрлері

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>

ге апарса не болады? Қар еріп, нәтижесінде су пайда бола бастайды. Ал қарды суға салса не өзгереді? Қар қайда тез ери бастайды: жылы немесе салқын суда?

Түсті мұздықтарды дайындау
Мақсаты: суға бояуларды салып, мұзды қатыруға болатындығымен таныстыру.
Баламен бірге түрлі қалыптарға, банкілерге су құйып, аязға шығарыңыздар. Серуен кезінде қату үдерісіне назар аударыңыздар. Мұздықтарды қалыптарынан алып, қарап судың қасиеттерін талқылауға болады. Содан кейін мұздықтарды бөлмеге кіргізіп, мұздың қайта суға айналу үрдісін бақылаңыздар.
Металл, оның сапасы мен қасиеттері
Мақсаты: металдан жасалған заттарды танып, олардың сапалық сипаттамаларын (бетінің құрылымын, түсін) және құрамын (жылу өткізгіштігін, серпімділігін, металдық жарқырауын) анықтау.
Әкесі ұлына (немесе қызына) бірнеше металдан жасалған бұйымдарды (түйреуіштер, гайкалар, бұрандалы шегелер, шегелер, кішкене гірлерді) көрсетеді. "Сен қалай ойлайсың, бұл бұйымдар неден жасалған?" - деп сұрайды ол. Әкесі оларды ұстап көріп, олардың қалып, беттік құрылымының ерекшеліктерін анықтауға ұсынады; баламен бірге түрлі заттарды қарастырып, сипатты металдық жарқырауын белгілеп көрсетеді. "Гайканы немесе шегені суға салсақ, не өзгереді?" - деп әкесі қайта сұрайды. Ал егерде шуақты жерге немесе батареяға қойса не болады? Магнитпен тартсақ не болады? Сонымен қоса (тек қана әкесі орындауы тиіс!) металды затты қызыл түсі пайда болғанша қыздыруын көрсетіп, осылай металды қыздырып, қажетті қалып бере отырып түрлі заттар дайындауға болатындығы туралы айту.

Резеңке, оның сапасы мен құрамы
Мақсаты: Резеңкеден жасалған заттарды танып, олардың сапасы (бетінің құрылымы, қалыңдығы) мен құрамын (қаттылығы, серпімділігін, иілгіштігін) анықтау.
Резеңкеден жас

Страницы: <<  <  7 | 8 | 9 | 10 | 11  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: