Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруда қимылды ойындардың маңыздылығы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады. Аса көрнекті үздік педагог Н. К. Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп айтқан: "Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады". Мысалы: сюжеттік, рөлдік, қимыл - қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістер дамиды. Мұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістік, уақытты бағдарлауға үйренеді, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапаларын қалыптастырады.
Қимыл - қозғалыс ойындарына да ерекше мән беріп отырамын. Өйткені біздің балабақша санаторлық балабақша болғаннан кейін оқу іс-әрекеті үстінде, мерекелік іс шаралар, спорттық ойындар болса да денсаулықты нығайту үшін үнемі қимылды ойындар, сергіту сәттері міндетті түрде өткізіледі. Қимыл ойындардың айрықша бағалылығы балалардың жалпы қимылының жетіле түсетіндігінде. Мұндай жағдайда балалардың түрлі топтағы бұлшық еттері жетіледі. Қимыл ойындардың бәрі балалардың қимылының жеңіл де әсем және батыл да сенімді болуына бағытталған.
Біздің балабақшамыз 2012 жылдан бастап "Мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламаларының әдіснамасы мен технологиясын құрастыру атты" тақырып негізінде ұйымдастырылған ғылыми зерттеу жұмысын қатысып, тәрбиешілер әр сала бойынша ертегілер таңдап с

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: