Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруда қимылды ойындардың маңыздылығы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру оқу іс-әрекет барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін өзімнің оқу іс-әрекеті, мерекелік ертеңгіліктер, серуенге шыққанда қимылды ойын элементтерін көп пайдаланамын. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді.
Мағжан Жұмабаев: "Ойын - баланың өз ісі. Баланың ойынына кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла". Ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс - әрекет. Бала тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері де, мазмұны да сан алуан. Оның өзгеріп отыруы балалардың жас және дара ерекшеліктеріне байланысты. Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтардың бір түрі. Оның бастауы алғашқы қауымдық қоғамда шыққан. Ұлттық ойындар негізінде әр халық түрлі - түрлі жаттығулар жасау жолымен дене шынықтыру ісінің негізін салды. Бертін келе шынайы спорт ойындарының шығуына түрткі болды. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдасы аса күшті. Ұлттық ойындар - ата-бабаларымыздан келе жатқан біздің байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, үйренудің күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. Міне, қимылды ойын дегеніміз - тынысын кең алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялмен қанат беретін осындай ғажап нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы.
Ұлттық ойындардың мектеп жасына дейінгі балаларға лайықтары "Көкпар", "Орамал алу", "Тақия жасыру", "Алтын қақпа", "Ақ серек - Көк серек", "Айгөлек", "Ақ сандық - Көк сандық"

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: