ot;, "қатты - жұмсақ" тағы басқаларын сезеді. Оларды орындай отырып бөбек қолдарының қимыл үйлесімділігі мен саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамытып қана қоймайды, сонымен бірге ерікті зейінін, есте сақтау, көру және ойлау қабілеттерін дамытады және өз әрекетін бақылауды үйреніп, алдына қойылған міндеттерді орындау барысында тапжылмай жұмыс істеуге дағдыланады, ынтасы, талабы артады. Қоршаған орта құбылыстары, заттар туралы түсінігі тереңдеп, өз қабілетінің мүмкіндігін сезінеді. Қимылды ойындарды әрбір сабақта түрлендіріп қолдануға болады, көрнекіліктер тартымды болса балалар қызыға қатысады. Оқу процесін ширатады, баланың оқуға деген ынтасын арттырады, сабақ қызықты өтеді. Сонымен қатар қимылды ойындарды (ұлттық ойындарды) оқу іс-әрекеті барысында, серуенге шыққанда мерекелік ертеңгіліктерде, күннің екінші жартысында үнемі ойнатамын.
Қорытындылай келе, балалардың белсенді іс - әрекетін дамытудағы ойындар, жаттығулар, қимыл қозғалыс ойындары, ұлттық ойындар, еркін ойындар, танымдық тапсырмалар арқылы балалардың бастамашылығын, байқампаздығын, белсенділігін, даралығын, дарындылығын, қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып, бала бойына құзырлылықтарының қалыптасуында: мейірімділік, инабаттылық, сұлулық, жақсылық, еркіндікке дағдыларын таба білу. Балаларды бір - бірімен, үлкендермен жақсы қарым - қатынаста, ұйымдаса ойнауға, өзгенің пікірімен санасуға, тәртіпті болуға, жеке өз бетінше әрекет етуге, емін-еркін демалуға тәрбиеленеді. Белсенділікті қалыптастыру үшін уақытты да, күшіңізді де аямаңыз. Бүгінгі белсенді бала - ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі.
Страницы: << < 5 | 6 | 7