Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруда қимылды ойындардың маңыздылығы

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ценарий жазды. Мен бұл жоба бойынша мектепке дейінгі білім беру стандарты негізінде "Таным" саласын таңдап, "Кім күшті?!" қазақ халық ертегісі желісімен ойын - сценарийін жазып, балаларға ертегі желісі бойынша жасалған ойындарды көрсетіп, балалар қызығушылық танытып, өте белсенді қатысады. Күнделікті оқу іс-әрекетінде қолданамыз. Сонымен қатар, "Жыл басына таласқан хайуанаттар", "Ақ қайыңның шырыны неге тәтті?!", "Наурыз", "Жолда жүру ережесі", "Бұл қай кезде болады?" тағы да басқа ертегі - ойындар. Өйткені, бұл балабақша бүлдіршіндерінің ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, жетілдіреді. Қазіргі заман талабына сай "Сиқырлы қаламды" оқу іс-әрекетінде пайдаланамыз. Осының нәтижесінде балалардың ойын арқылы ақыл-ой өрісі дамып, қоршаған ортаға деген қызығушылығы артып, жан-жақты білімді, алғыр болатынына сенімдімін.
Ал қазақ халық педагогикасында саусақ ойыны ұрпақтан - ұрпаққа қалған мәдени шығармашылық болып табылады. Қазақ халқы саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысын, қабілетін дамытып, ынтасын арттыратынын білген. Саусақ ойынын ойнап отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды, ағаштарды бейнелей алады.
Баланың ойлау және сөйлеу қабілетінің дамуы саусақтарының ұсақ бұлшықеттерімен, қолдарының қимыл үйлесімділігімен тығыз байланысты екенін ескерген жөн. Сондықтан да баланы жан - жақты дамыту яғни тілін, танымдылық қабілеттерін, саусақ бұлшықеттерін дамытуда құм терапиясын қолдану өте тиімді, қызықты, әрі тартымды болады. Баланың құммен ойнағанда тактильді - кинестикалық сезімі және саусақ бұлшықеттері дамиды. Яғни, бала ұстап сезу, тері арқылы "тегіс - үшкір", "құрғақ - дымқыл", "жылы - суық&qu

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: