Мектеп жасына дейінгі балалардың қозғалыс белсенділігін арттыруда қимылды ойындардың маңыздылығы - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 88
  • Скачиваний: 12

Балалардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда әр баланың психологиялық және физиологиялық дамуын ескере отырып жұмыс жасаймын. Ненің жақсы, ненің жаман екенін ойын үстінде ауызекі сөйлесу барысында түсінеді. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Күнделікті өмірдегі қиындықтың бірі күтпеген жағдайлардағы адамның өзін ұстай білмеуі болып табылады. Әдеттен тыс жағдайға тап келген адамның дұрыс шешім жасай алмауы жиі кездеседі.

Осындай жағдайларды яғни, сюжеттік-рөлдік ойындарды сахнада ойнап көрсету балалардың бойындағы жағдайды ойластыру және одан шығудың жолын табу қабілетін дамыту әдісі болып табылады. Бұдан басқа, осыған ұқсас ойындарда бала басқалармен өзара әрекет жасай білуге, өзінің әрекеттерін басқалармен ақылдаса отырып шешуге үйренеді. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін–өзі басқару қабілеті жетіліп қалыптасады. Мектепалды даярлық топтарында сабақтың өн бойы ойын әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5 – 6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым – қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез – құлық қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: