лдаса отырып шешуге үйренеді. Ойын кезінде жеке тұлғаның өзін - өзі басқару қабілеті жетіліп қалыптасады. Мектепалды даярлық топтарында сабақтың өн бойы ойын әрекеттерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Себебі, 5 - 6 жасар бала сабақ оқығаннан гөрі ойын ойнағанды қалайды, зейіні тұрақсыз, бір іспен ұзақ уақыт шұғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым - қатынасы кеңейіп, таным қабілеті өседі, мінез - құлық қалыптасады. Ойын баланың даму құралы, таным көзі, білімділік, тәрбиелік, дамытушылық, мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік сезімтал тұлға болмақ.
В. А. Сухомлинский "Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып айналадағы дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз - ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты" деген.
Ойын барысында балалар өздері де байқамай әртүрлі жаттығуларды орындай бастайды. Ойын баланы іздену жолына бағыттайды, жеңіске деген қызығушылығын оятады, ал осыдан шыға келе олар жылдам, жинақы, шапшаң, тапқыр болуға, ойын шартын сақтап отырып тапсырмаларды нақты орындауға тырысады.
Ойындарда, әсіресе топтық ойындарда жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттері, жауапкершілік сезімдері қалыптасады, тәртіп, күш жігер, мінез - құлық тәрбиеленеді. Көрнекіліктердің әдістері, сұрақтың қызық та, тиімді түрлері, жұмбақтар, әзіл есептер, ахуал жағдайлары, сайыстар балалардың белсенді ойлау әрекетін дамытуға көмектеседі. Ойын барысында баланың ойы үнемі дамып, жетіліп отырады, ұшқырлана түседі.
Даярлық топ балаларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>