Мектеп білімінің мазмұнын жаңарту

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>

емін!. . өзің құштарланып алған білім ғана баянды да бағалы. . . " деген К. И. Чуковскийдің сөзі дәл қазір бізге арналғандай.
Мен еңбек ететін мектебім- аралас мектеп. Сондықтан ең бірінші: мектептің бастапқы жағдайын анықтап, соны шешуге жұмыс жасасақ, оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін біртіндеп енгізе отырып, білім сапасын көтеруде ұжымдағы мұғалімдердің көзқарасын өзгерту. Мектептің атқаратын жұмысын бір жүйеге келтіріп, оқуда өз қызметімізді ұсына отырып,оқушылардың қажеттілігіне қарай жұмыс жасап, үлесімізді қоссақ осының өзі мен үшін үлкен жеңіс дер едім.
Ұжымда білікті, білімді, құзырлы кадрлардың үлесін арттыру. Mұғалімдердің теориялық білімдерін үнемі толықтырып, кәсіби өсулерін жетілдіріп, әріптестеріммен бірлесіп, инновациялық оқыту тәсілдерімен тәжірибе алмасып, күнделікті қызметімізде қолдана отырып бұрынғы қалыптасқан дағдыларды түбегейлі өзгерту керек. Себебі:

-мектеп мұғалімдері оқытудың жаңа әдістері мен стратегияларды жаппай толық меңгермеген, өйткені мұғалімдердің әлі де болса кәсіби білімдері жеткіліксіз, екіншіден бұл стратегиялардың қолдану аясы тар деп айтуға болады. Тек 3- деңгей бағдарламасын оқып келген мұғалімдер ғана өз сабақтарына қолдануда. Сол себепті мұғалімдерге оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін жоспарға кіріктіре қолданса өте тиімді болады деп ойлаймын.
Біз, мұғалімдер, оқытуды оқушылардың қажетіне, қабілетіне қарай бағыттауымыз керек. Оны іске асыру үшін мұғалімдер бірлескен оқуға, оқушылардың "жаңалық" ашуына ықпал ететін стратегияларды мүмкіндігінше қолдануға бағыттауымыз керек.
-мектеп мұғалімдері оқу үдерісінің мәнін, жекелеген оқушыларды ынталандыру жолдарын, олардың эмоционалдық ахуалын, сыныптан тыс өмірін терең түсінуде зерттейтін орта жоқ, себебі мұғалімдердің көпшілігі сабақ берумен ш

Страницы: <<  <  6 | 7 | 8 | 9 | 10  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: