ін "Балапан" бағдарламасы жүзеге асырылып, Зияткерлік мектептер, Назарбаев университеті, "Болашақ" бағдарламасы жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта нәтижесі де жоқ емес, Халықаралық рейтингтік компаниясының мәліметтері бойынша әлемнің 17000 университеттерінің ішінде алғашқы 451-500 орындар аралығында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті көрінді. (шамамен алғанда 467 орында). Сондай- ақ , 501-550 орындардар аралығында Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 601- ден жоғары орында Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті көрінді. Ұлыбританияның Кэмбридж университеті 1орынды иеленді. 1 Яғни жоғарыда аталған мемлекеттердің озық тәсілдерінің тиімдісін өз жүйемізге ыңғайластырып енгізсек, қазақстандық білім саласын тигізер пайдасы мол деп ойлаймын.
Мектеп- білім ошағы, тәрбие ортасы, тағлым табалдырығы. ХХI ғасыр - білімділер ғасыры. Егеменді ел болып, "Ел межесі- елулікке ену" басты мақсатымыз болған соң, білім мен ғылым саласы дүниежүзілік деңгейге сай болуы керек. Осыған дәлел 12 жылдық білім жүйесінің енгізілуі. Орта білім алуда негізгі қағидаларын ұстанған "Білім туралы" Заңда5 айқын көрініс тауып,ҚР білімді дамытудағы 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламада 6, сондай-ақ білім мен ғылымды реформалаудың 2020 бағдарламасында жүзеге асырылу шарасы қарастырылған. Бұл құжаттар ҚР мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандартының негізгі ерекшелігі ретінде білім беруде жеке тұлғалық, іс-әрекеттілік, құзыреттілік тұғырларының енгізілуімен сипатталады. Бұл процесс оқу- тәрбие жүйесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ұштасатындығында. Білім беру парадиагмасына елеулі өзгерістер енгізуде, оқыту мазмұнын өзгерту, оқу- тәрбие процесіне жаңаша қатынас жасау, педагогикал
Страницы: << < 4 | 5 | 6 | 7 | 8 > >>