Ғасырлар ғұламасы атанған Мұхтар Әуезовтің: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген сөзі ешқашан еш жерде маңызын жоймайды. Себебі, қай мемлекеттің, қай елдің болмасын, даму деңгейін, рухани мазмұнын, интеллектуалдық қасиетін, өркендетуін айқындайтын, бірден-бір құрал – білім беру жүйесінің сапалылығы. Кезінде ұстаз Ыбырайдың: «Қазақтың білімге қолын жеткізетін ең басты құралы – мектеп... тек қана мектеп және қазақ халқының болашағы да мектептен басталады» - деген сөзі қазіргі заманда еш мәнін жоғалтпақ емес. Халықта: «Әуелі тұқым, сонан соң күтім» деген асыл сөз бар. Сондықтан тұлғаның өсіп- өнуінің сәтті болуы рухани күтімге байланысты. Баланың жанына ақыл- білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табатын – ұстаз. XXI ғасыр жаңа технология заманы. Технологияны жүзеге асырып, өмірге енгізу, оны игеру және жетілдіру келешек ұрпақтың қолында. Ал ұрпақтың тағдыры- ұстаздардың қолында (Н.Ә.Н).
- Рубрика: Другие материалы
- Формат: zip
- Просмотров: 239
- Скачиваний: 10