жірибелерінде жаңа әдіс - тәсілдерді оқып үйреніп, сабақтарына қолдану;
-жекелеген оқушыларды оқуға ынталандыру, олардың мектепте және мектептен тыс өмірі туралы барынша мағлұматта болу. Кез- келген мұғалім
алдында отырған оқушысы жөнінде толық мағлұматта болу, оның өзі оқушы мен мұғалім арасындаы ынтымақтастыққа, оқушы жанын түсінуге жетелейді.
-мұғалімдер өз әріптестерімен қарым-қатынасқа түсіп басқа ұйымдармен байланыста болып, желілік кәсіби қоғамдастық шеңбері аясында ынтымақтастық орната білу. Жаңарған заманда кез келген мұғалім уақыт талабынан қалыспай, білімін өз ортасында ғана шектеп қоймай, басқа да мектептермен байланысқа түсіп алмасып отыруы керек деп ойлаймын.
-мұғалімдер АКТ дағдыларын меңгеріп сабақтарында тиімді қолдана білуі қажет, сонымен қатар мұғалімдер өз мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп, рефлексия жасап, ой толғауға міндетті. МАН. 6бет
Елбасының білім және ғылым қызметкерлерінің съезінде "Болашақта еңбек етіп , өмір сүретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да мұғалімге жүктелетін міндет өте ауыр "-деген сөздер жастарды тәрбиелеп жатқан мұғалімдерге үлкен жауапкершілікті жүктейді. Ендеше, өз ісіне берілген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, ұлттық қасиеттеріміздің асылдарын асқақтата отырып, шәкіртінің жанына нұр құятын ұстазды ғана бүгінгі күннің лайықты тұлғасы деуге болады.
"Мектеп - кеме, білім - теңіз" деген өте әдемі айтқан даналық сөз бар. Білімнің теңізінде әр кеме шамасына қарай жүзеді. "Мұғалімнің бүкіл мақтанышы - шәкірттерінде, өзі шашқан ұрпақтарының өсіп- өнуінде", "Жақсы мұғалімдер жақсы оқушылар жасайды" деген әйгілі адамдардың дуалы аузынан шыққан жүрек жарды даналық сөздерінің әрқайсысының аст
Страницы: << < 8 | 9 | 10 | 11 > >>