Мектеп білімінің мазмұнын жаңарту

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

г кадрлардан жас маманды көбірек тартады. Мысалы Еуропада 15 жастан асқан жастар арасында жоғары білімді тұлғалар -15 болса, Финляндияда -24- ға жетеді. Осы мемлекет туралы жазудағы себебім, білім саласы жүйелі, жоғары деңгейге қойылғаны, сатылай оқытудағы тізбектелген байланыс, шағын топтардағы бірін-бірі оқыта отырып, мұғалімдердің оқушылардың қажетін қарай тиімді әдіс- тәсілдерді қолданулары. Мемлекеттің білім алушыларға жасаған жағдайлары мені таңдандырды. Білім саласы біздің елде де сатылай оқыту жүйесімен жүрсе де әр сатыда оқушыларда бейімделу ұзаққа созылады. Барлық мұғалімдер жыл сайын білімдерін жетілдіріп отырғанда ғана оқушылар білімі де артып, тәжірибе жақсарады. Бірақ әлі де болса елімізде мұғалім еңбегі лайықты бағаланбай келеді. Оқушыға оқу үрдісін түсіндірсек, ол саналы түрде іске асыруы керек. Біз үшін оқытуды мықты етіп ұйымдастыру маңызды. Оқушыларымызды жеке тұлға ретінде дамытып, мүмкіндіктерін арттыруымыз керек. Біз тіл мен құзыреттілік туралы сөз қозғаймыз. Англия мемлекетіне келетін болсақ, білім саласында төрт деңгейден құрылған: 5 жасқа дейінгі оқыту; 5-11 жас бастауыш сынып; 11-14 жас негізгі білім;14-16 мектеп бітірушілер - ұлттық емтихан, колледж, ЖОО барады. Міндетті оқу 12 жылдық болып табылады. Әр сатыдан соң міндетті түрде тест жұмысы алынып, тест бойынша бағаланады. Ол - жиынтық бағалау. Бұл жүйе біздің елде де енгізілген, жыл сайын мектеп түлектерінің білімдері ҰБТ нәтижесімен бағаланады. Қазіргі уақытта еліміздің алдында тұрған күрделі мақсаттардың бірі- халықаралық аренаға шығып, халықаралық деңгейде даму мен әлемдік кеңістікке ену. Әлемдік стандартқа сай қызмет етіп, әлемдік деңгейде лайықты орынды иелену. Елбасымыз Отандық жоғарғы оқу орындарын әлемдік деңгейге шығаруда зор мүмкіндіктер жасауда. Өскелең ұрпақтың озық білім алуы үш

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: