тілдерін білуге тиіс. Оларды оқыту нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс", - деп білім жүйесінің алдына қойылған міндеттер Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына "Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" Жолдауында (2014 ж 17 қаңтар) көрініс тапқан.
Біздің өкіметіміз де өзгермелі қоғамдағы түрлі статистикалық деректерге сүйене отырып тиімді оқытуға ұмтылуда. Мұғалім сапалы оқытуда, шешім қабылдауда тек өз тәжірибесіне сүйенуі керек! Әлемде эканомикасы қарқынды дамыған, білім жағынан алдыңғы қатардағы елдерге көз салайық. Халықаралық оқушылардың білім табыстарын сараптау үшін жүргізілетін. PISA (2009) және TIIMS(2011) зерттеулерінің нәтижесіне назар аударатын болсақ, алдыңғы қатарда - Жапония- 520, Жаңа Зеландия- 521, Сингапур- 526, Қытайда- 556 балл, Кореяда- 539, Финляндияда- 536, Тайвань- 609, Канада- 524. Ал Қазақстан PISA оқу сауаттылығы жағынан 59- орында, математикалық сауаттылық- 53- орын. TIIMS- 4 сыныптар математика/ жаратылыстану - 24-орын, 8сыныптар математика-15- орын, жаратылыстану- 20- орын.
Көрсеткіштерді салыстыра отырып, Қазақстанның мектеп білімінің мазмұнын жаңарту керек керек екендігін көреміз. Мәселен, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын түпкілікті пысықтағанда Финляндияның тәжірибесіне арқа сүйеуі қажеттігін алға тартты. "Біз бұрын өз дамуымызда Оңтүстік Шығыс-Азияның барыстарынан сабақ алдық. Олардың стартегияны қалай жасағанын, қалай дамығанын, кадрларды қалай дайындағанын үйрендік. Ал енді келесі кезең бізге Финляндиядан үйренген жөн" деген. Ендеше Финляндия елінің Елбасын қызықтырған білім сапасына қатысты ерекшелігі қандай екен?
Соңғы жылдары дамудың ерекше қарқынына көтерілген Финляндияның бүгінгі білім сал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>