Математика сабағында жаңа технология элементтерін пайдалану арқылыны оқушылардың қызығушылықтарын арттыру

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>

дың пәнге деген ынтасын, қызығушылығын тудыру қажет. Мұғалімнің басты мақсаты - оқушыны ізденіске баулу. Ал сол мақсатқа жетудің тиімді әдістерінің бірі сабақ процесінде ойын түрлерін пайдалану. Ойын түрлерін пайдалану оқушының:
1. Сабаққа деген қызығушылығын оятады.
2. Ой -- өрісін кеңейтіп, іздену қабілетін арттырады.
3. Талабын ұштап қиялын дамытады.
4. Тапқырлыққа, жылдамдыққа,ептілікке үйретеді.
Тілдік қорын, сөйлеу, қабілетін қалыптастырады. Логикалық ойындарды сергіту сәті ретінде қолданамын. Әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау үшін білімін жазбаша тексеру тәсілдерінің бірі семантикалық картамен жұмыс .
Семантикалық картамен жұмысты жаңа сабақты бекіту мақсатында ұйымдастырылған тиімді деп ойлаймын . Семантикалық карта көмегімен анықтамаларды, ережелерді, қасиеттерді тұжырымдау ,сондай - ақ есеп шығару барысында қолдану іскерліктерін қалыптастырады. . Сабақта шығарылатын есептер оқушының ойлау қабілетін математика тілін дамытып, шығармашылықпен жұмыс істеуге негізделе құрылған. Есеп шығарудың ең бірінші міндеті оның шартын ұғына білуге үйрету. Оған дағдыланбаған оқушы тек көшіруге дайын тұрады. Күнделікті сабақты жоспарлаған кезде нені еске алған жөн:Бүгінгі сабақта ең негізгі ұғатынымыз не?Нені пысықтау керек. Қандай жұмыс арқылы дамытушылық пен тәрбиелік мақсатты жүзеге асырамыз? Осы тақырыпты меңгертудегі үй тапсырмасы қандай болу керек?
Осындай өздігінен жұмыс істеу мақсатында сыныптағы оқушыларды топқа бөлемін. Мұның өзі оқушыларды бірін - бірі қадағалауға , тексеруге , өз бетімен жұмыс жасауға, бір - бірінің еңбегін бағалауға, бірін-бірі үйретуге , ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Салыстыру әдісінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуі мен таным белсенділігін арттыруға себебін тигізеді. Бұл

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: