br/>б)Бұл жоспарды орындау (синтез). Блок - схема, графиктер, диаграмма, карта т. б. Тірек - схема, көрнекіліктер және анықтама құралдары. ::Ойын арқылы оқыту. Сөз жұмбақ, ребустар. Логикалық есептер. Тестілеу және бақылау. Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын. Оқыту үрдісінде ақпараттық технологияны пайдаланып білім берудің әр түрлі аспектілерін дамытуға болады.
в)Өткенге көзқарас (есептің шешілуін ұғыну). Сабақ үрдісінде небір күрделі қиындықтар кездеседі. Қашанда шебер ұстаз барлық қиындыққа төтеп беріп, сабақ үрдісін тиімді ұйымдастырып, тақырыпты жүйелі түсіндіріп отырады. Бүгінгі таңда озат педагог - ғалымдар, тәжірибелі мұғалімдер ойлап тапқан сабақты түрлендіре өткізудің жаңа тәсілдері жеткілікті. Осындай технологиялардың бірі - профессор Ж. А. Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы дегеніміз - оқушының туа біткен ақыл - ой қабілетінің жеке даму жан - жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. .
Математика пәнінің мұғалімі ретінде менің мақсатым - сабақ барысында оқушылардың білімге құштарлығын арттыру, өздігінен ойлау қабілетін жандандыру, жауапкершілік сезімін қалыптастыру, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Өз сабақтарымда деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының әдіс - тәсілдерін жиі пайдаланамын. Әр өткен жаңа тақырыпты оқушыларға шығармашылық ізденіс үстінде меңгертуге тырысамын. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушының ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға үнемі проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Сол себепті математика мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі - оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша дамытып жеке тұлғаны қалыптас тыру. Оқушыларға математикалық білім негізін меңгертіп тереңдету үшін алдымен олар
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>