ыңа дайындал" деген сөзі әр ұстаздың жадында сақтаулы деп ойлаймын.
Сабақ беру - үйреншікті жай ғана шеберлік емес,ол-жаңадан - жаңаны табатын өнер. Сондықтан қазіргі таңда оқушыларға саналы тәрбие мен сапалы білім беру ісін жаңа талап тұрғысынан өзгертіп,оқыту тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруға міндеттіміз. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде 50-ден астам педагогикалық технологиялар қолданылады. Тұлға құзіреттілігін дамыту үшін жаңа инновациялық әдіс - тәсілдердің ең тиімдісін пайдалану жоғары нәтиже береді.
Тұлға құзіреттілігін дамыту мақсатында өзім толық курсын оқып ,тәжірибемде пайдаланып келе жатқан американ ғалымдары Джинни Стилл, Куртис Мередит, және Чарльз Темпьл жасаған "Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту "технологиясының маңызы зор деген тұжырымға келдім.
Сын тұрғысынан ойлау сынау емес ,шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға немесе жоғары сынып оқушыларына тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Бұл технологияны бастауыш сынып оқушыларыда дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.
1. Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі. Бұрынғы білетінімен, жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады. Қызғушылықты оятудың екінші мақсаты үйренушінің белсенділігін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды,яғни айту,бөлісу, ортаға салу арқылы тазарады.
2. Мағынаны тану. Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды. Тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқу стратегиялары бар . Олар lNSERT және Түртіп алу жүйесі.
3. Үшінші кезең "Ой толғаныс" Дәл осы кезеңде үйренуш
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>