МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ- ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ- ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУ КЕПІЛІ
Есимбаева Мадина Дарменкызы
"Бастауыш білім беру" мамандығының 4-курс студенті
Ғылыми жетекші Жаңбыршиева Нұрғайша Болысбайқызы
Тараз "Болашақ" колледжі , Тараз қаласы

" Адам ұрпағымен мың жасайды " -дейді халқымыз . Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Еліміздің тірегі білімді ұрпақ. Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет -- болашақтың бір кірпіші болып қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты тәрбиелеу, тиянақты білім беру.
"Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында" деген Н. Ә. Назарбаев
Олай болса, жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан дамуына оңтайлы әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістікке ену, білім беруді одан әрі демократияландыру,оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындап, білімге, бүкіл әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Мұндай өзгерістер мен талаптардың бірі- еліміздегі 12 жылдық білім беру.
Еліміздегі 12 жылдық білім берудегі басымдылық - оқушының "қоғамның субьекті" ретіндегі өзіндік іс-әрекетін дамытуға бағытталады да, оның еліміздің әлеуметтік -экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға құзіретті тұлға болып қалыптасуына ықпал етеді. Сондықтан бүгінгі таңда ұстаздың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекетімен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті ,отбасындағы, қоғамдағы ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
"Құзіреттілік -- оқушылардың іс- әреке

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: