"Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуында рефлексияның маңызы"
Рефлексия тұлғаның өзін-өзі дамытуындағы мықты құралы болып табылады. "Түрлі зияткерлік жүйе өзі туралы білімнің әсерінде өзгереді" (Г. П. Щедровицкий).
Білім беру үдерісін рефлексиялық басқару адамның өз әрекетінің маңызын түсіну арқылы тұлғаның дамуына әсер ететін факторымен байланысты. Өзіндік ойлау ынтаның басталуы болып табылады. Онда қажеттіліктің, оның ішінде білімділік, даму мөлшері бойынша күшейеді. Терең өзіндік ойлаудан кейін келесі үдерістер дами бастайды: өзін-өзі анықтау - өзін-өзі таныту - өзін-өзі іске асыру - өзін- өзі реттеу. Барлық осы үдерістер тұлғаның өзін-өзі дамытудың рефлексиялық табиғатын құрайды. Рефлексияның жоғары деңгейі - кәсіби барысында мамандығын жетілдіруде өзі туралы ойлану.
Қазіргі қоғамдағы педагог тұлғасынан - белсенді өмірлік ұстаным, оптимистік көзқарас, кез келген жағдайда жеке даралығын сақтап қалу және проблемалық жағдайларда шешім қабылдауда өзіне жауапкершілік алу сияқты сипаттарға ие болуын қалайды. Педагог үнемі өзін жетілдіруге, өздігінен білім алуға, педагогикалық құндылықтарын шыңдауға ұмтылуы қажет. Педагогтің рефлексиялық қасиеті кәсіби дамуының негізгі шарты болып табылады. Рефлексия қазіргі заман мұғалімінің кәсіби біліктілігі мен педагогикалық құзіреттілігінің негізігі компоненттерінің бірі. "Рефлексия" сөзі латын тілінде "reflexio" - артқа қарайлау деген мағына білдіреді. Шет тілдер сөздігінде "рефлексия" - ой елегінен өткізу, өзін-өзі тану, өз-өзіне есеп беру деген сөз. Бұл адамның өз іс-әрекетінің заңды түрде жүзеге асуының теориялық формасы. Ал педагогика саласында рефлексия іс-әрекеттің өзіндік талдауы және оның нәтижесі. Рефлексия өз қызметінің мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес келмеген
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>