Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуында рефлексияның маңызы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жағдайда пайда болатын проблемалық жағдайларды тани білуді, олардың себептеріне талдау жасау мен шешу тәсілдерін қарастыруды қамтиды. Осыған байланысты мұғалімнің рефлексивтік қабілеттері мен дағдыларын қалыптастыру мен дамыту өзекті мәселе болып отыр. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің қазіргі жағдайында мұғалімдердің кәсіби қызметтегі өзгерістерге бейімделуіне, өзін-өзі және қоршаған ортаны түсіне білу қабілетін қалыптастыруына, үнемі өз бетінше білім алуға және практикалық қызметке дайын болуына мүмкіндік беретіндей оқыту ортасы мен жағдайды ұйымдастыру басты назарда. Көптеген зерттеулерде рефлексия кәсіби әрекетті табысты іске асырудың негізгі құрамдас бөлігі деп қарастырылады. Ұзақ уақыт бойына рефлексия ұғымы философияда ғана қолданылып келген. Рефлексияның дамуы философия саласында таным туралы жалпы түсініктердің пайда болуынан бастау алады, кейін ол таным теориясы саласында жүйеленеді. Бұл мәнмәтінде "ауыстырылмайтын, индивидтің шынайы орындайтын шығармашылық акті" деп қарастырылады. ХХ ғасырдың басынан аталған проблемаға психологтер қызығушылық таныта бастады: 20-30-шы жылдары рефлексия мен өзін-өзі тану бойынша зерттеулерді психологияның жеке бір саласы етіп бөлу идеясы пайда болған. Көптеген зерттеулерде рефлексия проблемасы үш бағытта қарастырады: ойлауды, тұлғаның өзіндік сана-сезімін, сонымен бірге қарым-қатынас пен қоғамдастық үдерісін зерттеу. ХХ ғасырдың бірінші жартыжылдығы зерттеулерінде рефлексияның маңыздылығы педагогика мен психологияны ұштастыра отырып негізделеді. Л. С. Выготский, Д. Дьюи, Ж. Пиаже еңбектерінде ойлауды дамыту проблемасы мен рефлексивті үдерістердің маңыздылығы анықталады. Философиялық проблема ретінде рефлексия әдетте сана мен ойдың өзіне қарау қабілеті; жаңа білімді алу мақсатында алынған білімді

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: