Мұғалімнің кәсіби-тұлғалық дамуында рефлексияның маңызы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

талдау; ақыл мен жанның күйін бақылау; өзінің жүзеге асуын негіздеуге бағытталған зерттеу акті.
Қазіргі қоғамымызда белгілі бір жетістіктерге қол жеткізу үшін алған білімнің сапалы да жүйелі болғаны дұрыс. Сондықтан білім беретін мұғалімге де, білім алатын оқушыға да ізденіс пен шығармашылықта еңбектену талап етіледі. Мұғалімдер үнемі даму үстінде болып, өз идеяларын оқытудың барысында жаңашылдықпен жетілдіріп отырғаны дұрыс. Ал, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні артып отыр. Өзін-өзі дамытумен қатар индивидтің жан мен тән үйлесіміне сәйкес өз ойын жинақтау қабілетін бейнелейтін рефлексия ұғымы пайда болды (Р. Декарт, Д. Локк). Жаңа дәуір философиялық идеялары "өзіндік" және "Мен" ұғымдарына бағыттайды. Жаңа құндылық - адамның өзіндік "Мен" құндылығы пайда болды. Рефлексия - адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі. Сондықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні - адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Рефлексиялық іс-әрекет оқушыға өзіндік талдау кезінде ғана байқалатын өзіндік жеке дара ерекшеліктерін тануына мүмкіндік туғызады. Білімді саналы түрде өзіндік қорыту, яғни рефлексия нәтижесінде ғана жүзеге асады. Рефлексия нәтижесі дегеніміз - міндеттерді шешу тәсілдерін түсіну. Рефлексияның қай түрі болмасын мақсатпен тікелей байланысты
Кәсіби қызметтегі рефлексияның рөліне айрықша мән беретін бірнеше мәселеге назар аудару қажет: біріншіден, рефлексия кәсіби қызметті меңгеруде аса қажет; екіншіден, рефлексияның негізінде игеру үдерісін бақылау және басқару жүзеге асырылады; үшіншіден, рефлексия кәсіби білім беру қызметінің шарттары өзгерген жағдайда қажет; төртіншіден рефлексия қызметтің

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: