өзін дамытудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Автор педагогикалық рефлексияның екі жоспарлы тұжырымдамалық моделін бөледі:
1. Операциялық деңгей (сындарлы-орындаушылық, мотивациялық, рефлексиялық санада көрінетін болжау аспектілері)
2. Өзіндік тұлғалық деңгей (мұғалімнің өз қызметіндегі кәсіби-тұлғалық субъектілік бағыттаушылық және рефлексиялық жағдаятқа тұлғалық, субъектілік кірісу) 1
Осылайша, рефлексиялаушы мұғалім дегеніміз - ойлана алатын, өз тәжірибесін талдай алатын, зерттей алатын педагог. Бұл, Д. Дьюидің айтуы бойынша, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіруге жалықпайтын қажеттілікке ие "өз мамандығының мәңгі оқушысы". Рефлексиялық қабілеттері дамыған маманда оған деген тұрақты қажеттілік сезіліп тұрады. Кез келген істі ол өзіне-өзі сұрақ беруден бастайтындай дәрежеге жетеді. Бұл кәсіп иесінің шығармашылық әрекетке қосылуының құралдарының бірі-одан өзіне қатысты белсенді позицияны таңдауды талап ететін рефлексиялық өзіндік диагностика жасауға мүмкіндік береді. Педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесінде рефлексивті құзыреттілікті қалыптастыру маңызды. Педагогтің белгілі бір педагогикалық мәселелер туралы барлық ақпаратты жинақтай алуы, оның тиімдісін таңдай білуі, нақты жағдайды шешуге байланысты оған өзіндік қолтаңбамен өзгерістер енгізе білуі, осылайша мәселені шешудің өзіндік жолын таба білуі сыни ойлау нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жағдайда сонымен бірге тапқырлық пен өнертапқыштық сияқты сапалар қатар дамуға мүмкіндік алады.
Педагог өз бойында рефлексиялық қабілеттерін дамыта білсе және әр атқарған ісін талдай отырып, оны одан әрі жетілдіруге ұмтылатын болса алдына қойған мақсаттарының нәтижесіне жете алатыны сөзсіз.
Страницы: << < 2 | 3 | 4