енімін оятады. Рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл тиеді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп сөйлеседі. Балалар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады.
Рөлдік ойындардың негізгі талаптары:
1. Балалардың тілге деген қызығушылығын арттыруы қажет.
Ең бастысы балалар өздеріне лайықты рөлді өзі таңдап алған жөн. Сонда ғана олардың ойыны да,тілі де нанымды және сенімді шығады.
2. Рөлдік ойындарға топ болып қатысқан дұрыс.
3. Оқушы өзін рөлде неғұрлым еркін сезінетін болса, соғұрлым қызыға ойнайтын болады.
4. Осындай шарттар бойынша дайындалған материалдар қолданылса, соғұрлым жоғары тиімділік береді.
Рөлдік ойындарда мұғалімнің орны қандай?
Ойын барысында мұғалімнің рөлі үнемі өзгеріп отырады.
1. Бастапқы кезде мұғалім баланың балалардың ынта-жігерін бақылағаны жөн.
2. Біртіндеп ол бақылаушы бола бастайды.
3. Мұғалім көмек қажет ететін балаға жақындап,жұмысына жәрдем беруіне болады.
4. Ойын барысында мұғалім баланың қатесін бірден түзетпейді, тек білдіртпей өзіне ғана түртіп алады да, келесі сабақта осындай қателермен жұмыс істейді.
5. Рөлдерді бөлу. Рөлдердің сипаттамасы түсіндіріліп айтылады. Адам туралы мәлімет берілсе:ақкөңіл, адал, жалқау деп сипаттама беріледі.
Бала өзінің ойнайтын бейнесін тез елестету үшін ойын шарты дұрыс және нақты түсіндірілуі қажет. Әдетте ойнайтын рөл туралы айтудың да қажеті жоқ, себебі бала өз рөлін шығару үшін жеке шығармашылық мүмкіншілігін көрсету керек, ол үшін уақыт беру керек.
Мысалы: 3 сыныпта "Дүкенде" тақырыбы бойынша дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы,сатып алушының әрекеттеріне ел
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>