іктеді. Оқушылармен бірге өткізілген ойынға талдау жасап, оның балаларға тигізген тәрбиелік ықпалы жайлы әңгімеледік. Бұл ойын оқушыларға этикалық тәрбие береді. Оқушылар сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасына қолдануға, мәденитті сөйлеуге үйренді. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен тыңдайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады.
Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс немесе әрекет іспетті. Ол міндетті түрде ұжымдық, әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген сыйластық қажеттіліктерімен санссуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өз қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне деген сенімін арттырады.
Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы, мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын,қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттырумен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Ойын түрлері көп. Соның ішінде бастауыш сыныптарда пайдаланатын: ойын-сабақ, ойын-жаттығу, сергіту ойындары, дидактикалық мақсаттағы ойындар, сөздік ойындар,логикалық ойын есептер, ұлттық ойындар, т. б. Бұндай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық игеруіне көмектеседі.
Ойындарды оқу моделінің сөйлесу бөлімінде қолдануға баса назар аудардық, мұнда негізінен оқыта үйрету ойындары пайдаланылады, өйткені олардың мазмұны баланың оқудағы еңбегі болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, дәстүрлі ұйымдастыры
Страницы: << < 3 | 4 | 5 | 6 > >>