М. М. Жанпейсованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ашық сабақ үлгілері мен оқыта үйрету ойындары

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

. . птер, к. . тап, . . алам.
Үшінші: с. . т, ш. . жық, . . рімшік, ж. . мыртқа

1. Сызықтардың орнына керекті әріпті қой.
2. Берілген сөздерден сөз тіркестерін құрату.

Ойын барысында оқушыларды қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгере алғандығын және осы сөздер арқылы сөз тіркестерін құрай алатынын көрсетті. Жаңа сабақты қорытындылау бөлімінде алған білімдерін жинақтау үшін "Біліміңді шыңда" танымдық ойынын жүргіздім.
Жүріс: Тақтада ілулі тұрған әр түрлі көкөністер мен жемістерді ойын шарты бойынша оқушылар екі себетке бөліп салу керек және оларды атап шығады. Бақшада не өседі? Бақта не өседі?
Бұл ойыннан оқушылардың көкөністер мен жемістерді ажырата алатындығын және жаңа сөздерді меңгергендігін түсіндім.
Мысалы алтыншы сыныпта мәтін бойынша "Мәтін бөліктері" ойынын ойнаймыз. Ойынның шарты: оқушылар төрт топқа бөлінеді.

1. Кіріспе.
2. Негізгі ой.
3. Қорытынды.
4. Толықтыру.

Мәтін бөліктерін әңгімелеуді ретімен бастайды. "Толықтыру" тобы әр топтан кейін толықтырып отырады. Ойыннан соң мәтінді тағы бір қарап шығып, берілген ақпаратпен салыстырып, қай топтың анағұрлым нақты айтқанын анықтайды. Ойын өткізу барысында оқушылар белсене қатысады. Ең қуаныштысы, осындай сабақтарда нашар оқитын оқушылар үлкен әуестілікпен қатысады. Егер сабақ сайыс, жарыс түрінде құрылған болса, әрине әрбір бала алға түсуге, жеңімпаз атануға ұмтылады, ал ол үшін жақсы білімді болу керек, яғни балалар мұны түсініп, сабаққа қатысуға тырысады. Әрбір осындай сабақтан кейін мен балалардың "тағы да ойнайық" немесе "енді қашан осындай сабақ болады" деген сұрақтар естимін.
Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындардың пайдасы зор. Ойын балалардың тілді үйренуге деген с

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: