17 ЖОББСОБМ
М. М. Жанпейсованың модульдік технологиясын қолдану негізінде ашық сабақ үлгілері мен оқыта үйрету ойындары
Нұрбаева Д. С.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Ойын арқылы оқушылардың сабаққа деген
қызығушылығын арттыру.
Развитие интереса учащихся к предмету
через использование игровых форм.
Нурбаева Даниял Сембайқызы.
17 жалпы орта білім беру саралап оқытатын бағдарлы мектебінің
қазақ тілі оқытушысы.
Кез келген ұстаздың басты мақсат-міндеті-оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты жетілдіру, оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Осындай мақсаттардың бірі-оқушы бойында Отанға, туған елге, туған жерге, өз халқына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Бұл адамгершілік қасиеттер күнделікті өмірдегі қоршаған ортамен таныстыру арқылы қалыптасады. Қоршаған орта жеткіншектерді адамдармен, туған жерімен байланыстырып,олардың тұлға ретінде қалыптасуына шешуші ықпалын тигізеді. Бұл ықпалдың түпкі тамыры өз халқының тілінде. Қазақ тілі - әлеуметтік, рухани-адамгершілік эстетикалық тәрбиенің қайнар көзі. Қазақ тілі сабақтарында көздейтін басты мақсаттардың бірі - балаларға жалаң сөз жаттау емес, әрбір сабақта үйренген сөздерді қолдана отырып сөйлем құрамын дұрыс қолдана білуге және оны ауызекі сөйлеуде қолдана білуге үйрету.
Ойын үстінде баланың түрі қасиеттері, қабілеті мен белсендігі де көрінетіні туралы аса көрнекті педагог А. С. Макаренко былай дейді. "Ойында бала қандай болса, өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады". Сондықтан келешекке адамды тәрбиелеу-бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыр
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>