/> Схемасы 4x2 жеңіл автомобильдердің механикалық трансмиссиясы әр түрлі болады. Мысалы, артқы дөңгелегі жетекші және мотор артында ЗАЗ - 968 М "Запорожец" автомобилі (9. 1 сурет, в-нұсқасы) немесе алдыңғы жетекші дөңгелек және мотор алдында автомобиль ВАЗ - 2108 секілді (9. 1 сурет, б-нұсқасы). Бұндай трансмиссияда карданды беріліс қорабы мен жетекші белдік арасында болмайды. Ал жетекші дөңгелектерге беріліс жартылай осьтер арқылы емес, карданды арқылы жүргізіледі. Жетекші басқарушы дөңгелектерге жетек тең бұрыштық жылдамдықты карданды беріліс арқылы жет-кізіледі.
"Нива" сияқты Ресей және шетел автомобильдерінде 4x4, 6x4, 6x6 схемалары қолданылады.
Ілініс мотор мен трансмиссияны уақытша ажыратуға және оларды кайтадан қосуға арналган.
Трансмиссия мотор мен жетекші дөңгелектер арасындағы байланыс сипатына қарай механикалық, гидрокөлемдік, электрлік және,. құрамалы (гидромеханикалық, электро-механикалық) болып бөлінеді.
Ілініс - жұмысы сырғанаудың үйкеліс күшінің әрекетінде (фрикцион-дық муфта) негізделген механизм; айналу моментін беру үшін тағайындал-ған.
Әдетте "ілініс" термині іштей жану қозғалтқышының беріліс қорабы-мен қосылысын қосу немесе ажырату үшін тағайындалған көлік құралының трансмиссиясының компонентіне жатады. Іліністі Карл Бенц ойлап тапқан.
Ілініс қозғалтқыштың иінді білігін автомобильдің күштік берілісімен уақытша ажырату үшін қызмет етеді, бұл беріліс қорабында тегершіктерді (шестерня) ауыстыру кезінде және автомобильдің толық тоқтағанына дейін тежеу кезінде қажет. Одан басқа, ілініс сазды түрде (жұлқылаусыз) орнынан қозғалуға мүмкіндік береді.
Іліністің басқышынан (педаль) күш механизмге механикалық (иінтіректік (рычаг) немесе арқандық (торос)) немесе гидрав
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>