е таратады. Трансмиссия беріліс санын өзгертеді. Ол мотордың иіндібілігі айналу жиілігінің жетекші дөңгелектер айналу жиілігіне катынасына тең.
Тартымдылық күші қозғалысқа кедергі күштерді - жол бетінің кедергі күші, ауаның кедергісі, биікке көтерілу кедергісі және екпін алу күші. Қозғалыста кедергі күштер өзгеріп отырады. Соған сәйкес жетекші дөңгелектерде тартымдылық күш те өзгеріп отыруы тиіс. Тартымдылың күш жетекші дөңгелектердің жолмен үйкелісімен шектеледі. Ең жогарғы тартымдылық күш автомобильдің барлық дөңгелегіне жетек барғанда жүзеге асуы мүмкін. Қатты төсеніш жолда жүру үшін автомобильге екі жетекші дөңгелек жеткілікті.
Трансмиссия түрлері:
- механикалық;
- гидравликалық;
- электрлі;
- құрамалы.
Трансмиссия - қозғауыштың білігінен жетекші дөңгелектерге айналдыру моментін жеткізеді және түрлендіреді.
Трансмиссияға кіретіндер: ілініс (сцепление), беріліс қорабы, карданды беріліс, басты беріліс, дифференциал және жарты осьтер.
Іліністер механикалық және гидравликалық болып бөлінеді. Электрлі іліністер сирек кездеседі. Механикалық ілініс бір және бірнеше дискілі болады. Беріліс қораптары сатылы, сатысыз, гидравликалық және автоматты болып белінеді.
1. 1 - сурет - Автомобильдің моторлары мен жетекші дөңгелек білікерінің орналасуы.
а, б, г - мотор автомобильдің алдында немесе; в - артында орналасқан, жетекші дөңгелектер; б - алдыңғы; в - артқы немесе г - екі білікте де орналасқан; 1 - радиатор; 2 - мотор; 3 - жетекші біліктер; 4 - дөңгелектер.
Дөңгелек формуласы 4x2 автомобильдер үшін жиі қолданылатын схема, моторы алдында орналасқан, артқы дөңгелектері жетекші және орталық бойлық оське негізгі трансмиссия бөлшектерін орналастырған ("Волга", ГАЗ - 53, МАЗ - 5335 және басқалар).
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>