Ілініс. Ілініс құрылымы

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5

ысылады. Ілініс дискінің орталық бөлігі - күпшек (ступица) - оймакілтік (шлиц) қосылысқа ие және беріліс қорабының бірінші білігі бойынша жылжиды. Күпшек (ступица) дискпен, демферлі серіппелер мен айналмалы тербелулерді өшіргіштің (гаситель) фрикциондық шайбалары (суреттен көрінеді) арқылы, жылжымалы қосылған. Олар айналу қозғалтқыштан жетекші дөңгелектерге және кері беру кезінде айнымалы жүктемелер мен масса инерциясының әсерінен шарасыз пайда болатын, айналу моментінің тербелістерін тегістеу үшін қызмет етеді. Кейбір жағдайларда бұл тербелістер біліктердің сынуына алып келуі мүмкін.
Іліністі келесідей жіктейді:
Басқару тәсілі бойынша - механикалық, гидравликалық, электрлік немесе құрамдастырылған (комбинированный) жетегі (мысалы, гидромеханикалық) бар ілініс.
Үйкеліс түрі бойынша - құрғақ (фрикциондық жапсырмалары (накладка) ауа ортасында жұмыс істейді) және сулы (майлы ваннада жұмыс істейтіндер).
Іске қосу тәртібі бойынша - үнемі тұйықталған және үнемі емес тұйықталған.
Жетектелетін дисктердің саны бойынша - бір-, екі- және көпдискілік.
Басқыш серіппелерінің типі мен орналасуы бойынша - бірнеше цилиндрлік серіппелердің басқыш дисктің перифериясы бойынша орналасуымен және орталық диафрагмалық серіппемен.
Айналу моментінің беріліс ағындарының саны бойынша - бір және екі ағындық (мысалы, 1: қозғалтқыш -- АБҚ (айынымалы беріліс қорабы) және 2: қозғалтқыш -- қуаттылықты таңдау білігі).
III Тақырыпты бекіту
1 Іліністің тағайындалуы қалай?
2 Іліністің қандай жетектегі және жетекші бөліктері бар?
3 Іліністің жетекші дискіден жетектегі дискіге айналу моментінің берілісі қалай жүзеге асады?
4 Іліністі қосу және сөндіру қалай жүзеге асады?
IY Үйге тапсырма: Слайд құру





Страницы: <<  <  3 | 4 | 5
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: