ликалық жетекпен беріледі.
Ілініс басқышына басу (қысу, ажырату) іліністің дисктерін айырады, нәтижесінде олардың арасында бос кеңістікті қалдырады, ал басқышты жібе-ру (қосу) жетекші мен жетектелетін дисктерді тығыз қысуға алып келеді.
Қосылған ілініс кезінде айналу моменті иінді біліктен сермерге (маховик), содан кейін іліністің себетіне (кожух) және пластиналық серіппелер арқылы жетекші (қысқыш) дискке беріледі. Үйкеліс күштерінің арқасында, сермерден (маховиктен) және жетекші қысқыш дисктен айналу моменті олардың арасында қысылған жетектелетін дискке беріледі, оның күпшегі (ступица) беріліс қорабының жетекші білігімен оймакілтік (щлицтік) қосылысқа ие.
Іліністі ажырату үшін басқышқа (педаль) басады, ол тартқыштар мен иінтіректер (рычаг) жүйесі арқылы ашаға (вилка), муфтаға, иінтіректерге (рычаг) күшті береді және сұққы (палец) жетекші басқыш дискті артқа қарай апарады. Бұл кезде серіппелер қысылады және жетектелетін дискті босатады, оның екі жақтары бойынша саңлаулар түзіледі. Қосдискілік іліністе қажетті саңлауларды қамтамасыз ету үшін жетекші мен жетектелетін дисктер арасында ажыратылған күйде ығыстыру (отжимной) серіппелер мен аралық дисктің реттеуіш бұрандаға (болт) бар. Басқышты (педаль) бірқалыпты жіберу кезінде қысқыш серіппелер ажырату механизмінің барлық бөлшектерін алғашқы орнына қайтарады, жетектелетін диск жетекші (қысқыш) диск пен сермерге (маховик) қысылады.
Іліністің жетектелетін дискі серіппелік пластиналары бар дисктің өзінен тұрады, пластиналарға бір-бірінен тәуелсіз екі фрикциондық жапсыр-малар (накладка) тойтарылған немесе жапсырылған. Жапсырмалардың мұндай бекітуі ажыратылған ілініс кезінде олардың айырылысын қамтамасыз етеді, іске қосу кезінде серіппелік пластиналар, бірқалыпты қосылуын қамтамасыз ете отырып, біртіндеп қ
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>